Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық мәслихат сессиясы өтті

28.03.2026, 0:09 39

Қармақшы ауданы «Руханият» орталығында сегізінші шақырылған Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті 44-сессиясы өтіп, отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Сессия жұмысына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.

-Бүгінгі аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралғалы отыр, оның ішінде білім беру саласының өзекті мәселелері де бар. Білім – қоғамның дамуының негізгі тірегі, ал оның сапасы – біздің болашағымыздың кепілі. Сондықтан, ауданымыздағы білім беру жүйесін жетілдіру – басты мақсаттардың бірі,- деп бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасуы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ жиында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз алып, қаралып отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Күн тәртібіне сәйкес алдымен аудандағы білім беру сапасының жай-күйі және оны жақсарту шаралары қаралды. Қаралған мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Сонымен қатар «2026–2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №374 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Бекенов хабарлама жасады.

Сессия барысында бұдан бөлек, аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, осы бойынша аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов баяндады.

Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелерге тиісті шешімдер қабылданып, алдағы басым бағыттар талқыланды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: