Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

500-ден аса музыкалық аспап әдейі өртелді

19.02.2026, 11:18 67

Ауғанстанда 500-ден аса музыкалық аспап әдейі өртелді. Мұндай іс-әрекетке Ізгілікті насихаттау және жамандықтан тыю министрлігінің қызметкерлері барған.

АЗЕРТАДЖ-дың жазуынша, музыкалық аспаптардың жойылуының себебі бар, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Билік өкілдері «моральды бұзатын құралдар» Парван провинциясының тұрғындарынан тәркіленгенін мәлім етті.

Министрлік департаменті 500-ден астам музыкалық аспап пен «соған ұқсас заттардың» жойылғанын хабардар етіп отыр.

Өз кезегінде департамент басшысы Макбуль Ахмад Вакас бұл заттардың барлығы жергілікті тұрғындар тарапынан би мен мерекелік іс-шараларда қолданылғанын айтқан.

Pajhwok агенттігінің дерегіне сай, олар соңғы бір жыл аралығында Чарикар қаласы мен провинция аудандарында жиналған.

Аталған акция әзірше «жамандықпен күрес жөніндегі үздіксіз шаралардың» бір бөлігі екені туралы деректер бар.

Фото: EPA

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: