Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Масленица мерекесі басталды

18.02.2026, 10:50 42

Қаладағы «Сыр балажан» балабақшасында Масленица мерекесі басталды. Мерекелік шара барысында балабақша ауласы мен ғимараты ерекше кейіпке еніп, бүлдіршіндер мен ата-аналарға, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Таңғы сағаттардан бастап әсем әндер шырқалып, жиналған қауымға дәстүрлі құймақтар ұсынылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды славян этносының мәдениетімен таныстыру, этносаралық достықты нығайту болып табылады. Мерекелік бағдарлама аясында балғындар тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, арнайы әзірленген қойылымдарға белсене қатысты.

Сонымен қатар, «Славяне» орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шаралар қаланың бірқатар мекемелерінде жалғасын тапты. Атап айтқанда, Достық үйінде, Кірістер департаментінде, қалалық білім беру бөлімінде және қала орталығындағы «Small» сауда орталығында көпшілікке арналған мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Әр алаңда жиналған қауымға концерттік нөмірлер ұсынылып, дәстүрлі құймақтар мен түрлі тәттілер таратылды. Қала тұрғындары мерекелік думанға атсалысып, қуанышқа ортақтасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Масленица – көктемді қарсы алудың, кең пейіл мен татулықтың белгісі. Осындай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, достықты дәріптеуге қызмет етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: