Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 19:45-тен бастап аталған өңірлерде қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Шектеу ұзын-сонар халықаралық бағыттың бірнеше учаскесін қамтиды. Ақтөбе облысында қозғалыс «Ресей Федерациясы шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығында, яғни «ЭКО ойл» жанармай құю станциясынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бөлігінде шектеледі.
Ал Қызылорда облысында дәл осы бағыттың 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесінде, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Мамандардың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бұл шектеу 5 ақпанда сағат 09:00-де алынады деп жоспарланған. Жүргізушілерге алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
Фото: depositphotos.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!