Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы ауданының бюджет көлемі 22 млрд теңгеге жетті

04.02.2026, 11:50 108

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек әлеуметтік-экономикалық даму мен қаржылық мүмкіндіктер жыл сайын артып келе жатқанын айтып, өткен жылды көрсеткіштермен бөлісті.

Аудан басқысы бюджет өсімі кездейсоқ емес, нақты жоспарлау мен жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

– Жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Соның айқын дәлелі ретінде аудан бюджетінің ұлғаюын айтуға болады. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде аудан бюджеті 9,8 млрд теңгеге ұлғайып, жыл қорытындысымен 22 млрд теңгені құрады. Ал бюджеттің өз кірістері жыл басында 2 млрд 932,5 млн теңге болып бекітілсе, жыл соңында 3 млрд 434,5 млн теңгеге жетіп, 502 млн теңгеге артты. Бұл көрсеткіштер ауданның ішкі қаржылық әлеуетінің күшейіп келе жатқанын және өз кірістеріне сүйеніп дамуға мүмкіндік алып отырғанын білдіреді, – деді спикер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: