Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ержан Байтілес: «Жаңалықтың өзі белден түсіп кетті»

31.10.2020, 12:00 770

HALYQLINE.KZ Осы күні Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып жүрген «сүйегі журналист» Ержан Байтілестің 2018 жылы республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетіне берген сұхбатынан үзінді жариялағанды жөн көріп отырмыз. Себебі, мұнда айтылған ой әлі де өзектілігін жойған емес.

 Журналист: «Жұлдыз» демекші, бүгінгі буын телеарна арқылы­ тез танылғысы келеті­н «дертке» ұшырады. Басылымда жұмыс істегісі   келмейді.

Ержан Байтілес: Бұл тенденция  орнағалы да біраз болды. Жаста­р бұған тым қатты әуестеніп кетті. Бұл – журналистиканы дикторлықпен шатас­тырып алғандардың тірлігі. Тілшілердің барлығына дикто­р болу маңдайына жазыл­маған. «Эфир» дегені­ңіз – адамды тез та­нымал қылатын бірден-бір құрал. Эфирге шығып, елдің алдында ақыл айтып, данышпансып көрінуге ты­рысатын әріптестеріміз аз емес. Бар. Көріп отырмыз. Байдан шыққан әйелдердің де қалай атақты болып жат­қандығын. Қазір құндылық деген дүниелердің құлдырап бара жатқан кезі. Жаңалықтың өзі белден төмен түсіп кетті. Оның барлығын сен­сацияға балап, жұрттың на­зарын аударуға ден қойдық. Пәленшенің ажырасқаны, біреулердің төсектес болғандығы, біреу біреудің басын жарғандығы – қазір жаңалық. Бәрінің айтатыны «оқырманның сұранысы сол» дейді. Ертең етектің айналасында қалып қойсақ, түзеле алмаймыз. Ең қауіптенетін дүние – осы. Ал бізге «Ана тілі» газе­тінде бас редактор болған М.Тәжімұрат  «журналистика­  оқырман  деңгейіне  түспеуі қажет»  дейтін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: