Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: 5 жылда 410 заң қабылданған

15.01.2021, 9:50 407

HALYQLINE.KZ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған Парламенттің I сессиясын ашты.

Осыдан кейін Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойнады. Қазіргі уақытта мемлекет басшысы үндеу жасауда.

«ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шы шақырылымдағы Парламенттің 1-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР Президенті.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр. Айта кетейік, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары депутат болды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды.

– Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін. Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін», – деді ел президенті.

ҚР Президентінің дерегінше, 5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады.

– Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: