«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

«Потому что…», «наконец-то…»

27.03.2020, 11:07 177 1

Естеріңізде болса, 2013 жылы әлеуметтік жәрдемақы мен зейнет жасының ұзаратыны халық арасында кеңінен насихатталды. Елдің құлағын үйретпек болған бұрынғы еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Серік Әбденовтің аты-жөнін біршама халық «ұмытып» қалды. Өйткені осы тақырып­қа қатысты жиын­дар­дың бірінде өзіне алғаш жұ­мыртқа лақтырыл­ған қазақ министр «потом­у что, потому что» «атағын» арқалаған күйі «отстав­каға» кеткен еді. Дегенмен оның кезінде құлағы тік, желкесі жік болған реформа түк өзгерген жоқ. Қайта жыл өткен сайын әйелдердің зейнетке шығу жасы жарты жылға ұзарып келеді. «Потому что»-дан кейін араға бес жыл салып, елдің алдына шығып, есі  кете  сөйлеген тағы біреу бар. Ол – сол кездегі ҚР ДСМ Қоғамдық ден­саулық сақтау саясаты депар­та­ментінің директоры Айжан Есмағамбетова. Бұл ханым халық көңі­ліне жақпаған жанның бірі реті­нде әлі де ұмытылған жоқ. Не айтқанын білгіңіз келсе, бірге оқиық.

– Қазір жастар мүшеқап қолданбайды. Өйткені, оның арты неге апаруы мүмкін екенін ойлай бермейді. Сол үшін мұны қыз-жігіт­терге түсіндіріп, кейін контрацептивтерді тегін таратуды жаңа кодекс­ке енгізуді жоспарлап отырмыз, – деді.

Бұл еліміздегі ерте жүктілікке қатысты мәселені көтеру кезінде айтылған болатын. Жыл басынан бері жер жүзі жұмыла­ күресіп жатқан­ жаман індет Қазақстанға да қауіп төндіруі мүмкін екенін білдік. Өйткені инфек­ция шекарадан сүзіп алатын зат емес. Коронавирустың қазақ еліне келу-келмеуі туралы сұраққа «болжамды әрі нақты»­ жауап айтқан Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «наконец-то» сөзінен соң отырған орнына­н жылыстады. 2019 жылдың жазында ғана та­ға­йындалған  қызметінен кетуіне «По нашему прогнозу, где-то с 11 по 16 марта          у нас должен  наконец-то поя­виться коронавирус в стране» деген­ сөзі кесірін тигізуі әбден мүмкін. Ал оның орнына кім келді дейсіз ғой? Жұмбақтап, жасыра­тын түгі де жоқ. Сол баяғы жасөспірімдерге тегін мүшеқап тарату­ды қолға алмақшы болған Айжан Серікба­йқызы бұдан былай еліміз­дің бас санитар дәрігері қызмет­ін атқарады. «Он пәленің тоғызы – тілден» деген тәмсілге сүйенсек, әлі талай жайттың куәсі болаты­нымыз  анық.

Бағзы заманда қазекем «есің кетсе, ешкі жи» деген мәтел қал­дырған.  Бүгінгінің кейбірі есі кетіп, ессіз сөйлеуге құмартып алды. Мұндайды  қайран  бабам бір ауыз  сөзбен-ақ  қайтарған. «Оймақ пішсең  де, ойлап  піш!».

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: