«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Опасыз одақ

21.05.2020, 10:00 254 0

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда айналымы бұрынғыдай емес әлдеқайда төмендеп қалыпты. Статистика комитетінің деректеріне қарағанда жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстаннан экспорт 11,3 пайызға төмендеген, импорт 2,1 пайызға артқан. Бұл – ЕАЭО Қазақстан экономикасын тұралатып жатыр деген сөз. Мұндай тиімсіз одақтың не қажеті бар?

Экономикалық одақ бойынша сыртқы сауда айналымын тұтастай алғанда Ресей Федерациясына – 92,5 пайыз, Қырғыз жұртына – 4,1 пайыз, Беларусь еліне – 3,3 пайыз, Әрменстанға 0,1 пайыз тиесілі екен. Сонда мұндай айғайлатып одақ құрудың қажеті қанша? Ресеймен екіжақты тең құқықты келісім жасаса жетіп жатыр ғой.

Ал қазіргі жағдайда Ресей одақты шартты желеу қылып Қазақстанның қолын жіпсіз байлап отыр. Түкке тұрғысыз автопромының өлімтіктерін бізге тықпалайды. Орыстың жаңа көлігінен жапонның 20 жылдық «Тойотасы» артық екендігін кім білмейді.

Бізге мұндай опасыз одақтан тезірек құтылу қажет!

Марат Бәйділдаұлы,

жазушы-публицист

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: