• USD: 411.54

  • EUR: 458.13

  • RUB: 5.84

Жоғалған бала табылды

04.03.2020, 17:53 102 0

3 наурыз күні сағат 22:50 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қызылорда қаласында тұратын кәмелетке толмаған бала үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түсті. Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: