«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (0)

  • EUR: 509.29 (0)

  • RUB: 5.58 (0)

Жерлеу рәсімін жақындары онлайн көрді

06.04.2020, 9:00 208 0

HALYQLINE.KZ –| Британияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмады.

«Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер қойнына табыстап жатқанын оның жақындары карантинге жабылғандықтан, онлайн көруге мәжбүр болған» деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Исмаил Мұхамед Абдулвахаб Лондонның ауруханасында жападан жалғыз жатып көз жұмған. Марқұмның әкесі осыдан бес жыл бұрын қатерлі ісіктен көз жұмған екен. Ал карантинде жатқан оның отбасы мүшелерінің жерлеу рәсімін онлайн көруіне тура келген.

Исмаилдың денесінен коронавирус өткен жұмада анықталған. Ал, үш күн өткеннен кейін оның жағдайы асқынып, артынша қаза болған. Ол Ұлыбританияда жұқпалы індеттен көз жұмған алғашқы бала болып отыр.

«Оның қарындасы мен ағасы коронавирустың жеңіл белгілеріне шалдыққаны анықталыпты. Сол себепті Исмаилдың отбасы оның жерлеуіне қатыстырылмаған. Жерлеу кезінде онлайн көрсетілім болған. Бірақ видеотүсірілім, керісінше, қан жұтқан жанұяның қайғысын одан сайын күшейтіп жіберді» деп жазады Daily Мail басылымы.

Қазіргі таңда бұл мемлекетте эпидемия салдарынан 3600-дан астам көз жұмған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: