«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (0)

  • EUR: 509.29 (0)

  • RUB: 5.58 (0)

ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді

03.06.2020, 9:45 512 0

HALYQLINE.KZ 2019-2020 оқу жылының соңғы сәттерін қашықтан оқыған оқушылар үшін бүгін алтын ұясымен қоштасу салтанатты шарасы басталады. Алдағы ҰБТ сынағына да дайындық тас-түйін секілді. ҚР БҒМ берген кей мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

📌Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

📌ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.

📌Жаңашылдықтар:

🧷Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;

🧷Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;

🧷SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;

🧷Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;

🧷Болашақ педагогтер үшін шектік балл – 70; 

🧷ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған   жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;

🧷ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор (есептегіш құрылғы) беріледі;

🧷Тестілеу уақыты – 4 сағат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: