«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Тоқаев: «Соғыс ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды»

27.04.2020, 12:08 162 0

HALYQLINE.KZ –| Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Бірқатар мәселелерге тоқталған Президент халықты карантин талаптарын орындауға шақырды. Сондай-ақ, мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге мәжбүр екенімізді еске салды.

«Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ ғана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды. Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі», – деді ел Президенті.

«Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді» деп атап өтті мәлімдемесінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: