Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада құстар арасында жаппай қырылу дерегі тіркелген жоқ

23.09.2020, 12:00 708

HALYQLINE.KZ  Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов өңірлік коммуникациялар алаңында құс тұмауына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратымен бөлісті.

Республиканың бірнеше облыстарында (Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында – 17.09.2020 жылы, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарда – 19-21.09.2020 жылы, Қарағанды – 23.09.2020 жылы) жоғары патогенді құс тұмауы тіркеліп, індетке қарсы тиісті күрес шаралары жүргізілуде.

Осыған байланысты Қызылорда қаласы мен аудандық ветеринариялық ұйымдары тарапынан мониторинг жасалып, құстардың жалпы саны нақтыланды. Облыс бойынша осы жылдың 1 қыркүйегіне статистикалық мәлімет бойынша 124,8 мың бас үй құсы тіркелген. Сонымен қатар, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша 702,6 мың бас жабайы құс бар екендігі анықталды.

Облыс бойынша 1 құс фермасы Шиелі ауданында «Мөлдір и К» құс фермасы (17 мың құс өсіреді), 3 құс өсірумен айналысатын шаруашылықтар жұмыс істейді. Атап айтқанда Сырдария ауданында «Жан-арай» ШҚ (626 бас, оның ішінде 181 бас қаз, үйрек 243, қаз балапаны 102, үйрек балапаны 100),, Қармақшы ауданында «Кадирова» ЖК (993 бас, оның ішінде 800 бас бөдене, 173 бас тауық, 10 бас күркетауық, 10 бас қаз), «Қадиров Файзулла» ЖК (267 бас, оның ішінде 100 бас тауық, 70 бас күркетауық, 77 бас үйрек, 20 бас қаз) құс шаруашылықтары.

Сонымен қатар, 2020 жылдың бірінші жарты жылдық жоспарына сәйкес 423 бас үй құстарының қан сарысулары зертханада ИФА әдісімен тексеріліп, нәтижесі теріс екендігі анықталды (2019 жылы 474 үй құсы тексерілді, нәтижесі теріс).

Қызылорда қаласы мен аудандардағы ветеринариялық ұйымдар тарапынан үй құстарын асырайтын жеке және заңды тұлғалармен кездесулер өткізіп, аурудың алдын алу шаралары туралы түсіндіру-ағарту жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, үй құстарын ұшып келетін жабайы құстармен байланыс жасаттырмай, құс қорасында ұстап, уақытылы азықтандырып, сақтық шараларын барынша қатаң сақтау ұсынылды, – дейді Ерсұлтан Апетов.

Қазіргі күні облыс көлемінде үй және жабайы құстар арасында жаппай қырылу жағдайы тіркелген жоқ, эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: