«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.69 (0)

  • EUR: 510.89 (0)

  • RUB: 5.63 (0)

Қызылорда қаласында сақтық шаралары күшейтілді

13.04.2020, 17:40 479 0

HALYQLINE.KZ –| Коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына жол бермей, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында Қызылорда қаласының ішінде әр мөлтек аудандар бойынша 11 патрульдік бекеттер қойылды.

БҰЛ ЕНГІЗІЛІГЕН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЕҢ АЛДЫМЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТ! СІЗДЕРДІ ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ – ЕЛДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ!

Патрульдік блок бекеттердің орналасуы:

№1 «Ақмешіт» және «Гагарин» мөлек аудандарын байланыстыратын айналма жолына 3 патрульдік бекет:

1.1. патрульдік бекет: Шымбай көшесінен көпірге көтерілетін тұсы;

1.2. патрульдік бекет: Хон-Бен-До көшесінен көпірге көтерілетін тұсы;

1.3. патрульдік бекет: Саламатов көшесінен көпірге көтерілетін тұсы;

№2 Қала орталығымен «Коммунизм», «КБИ», «Шанхай» м/а байланыстыратын Қорқыт ата көшесінің аспалы темір жол көпірі аумағына 2 патрульдік бекет:

2.1. патрульдік бекет: Қорқыт Ата – Жаппасбай батыр көшесінің қиылысы;

2.2. патрульдік бекет: Қорқыт Ата – Яссауи көшесінің қиылысы;

№3. Қызылорда-Жезқазған-Ақтөбе бағыттары қиылысында орналасқан айналмалы жолына 4 патрульдік бекет:

3.1. патрульдік бекет: Жаппасбай батыр көшесінен көпірге көтерілетін тұсы;

3.2. патрульдік бекет: «Қызылорда-Павлодар» тасжолынан көпірге көтерілетін тұсы;

3.3. патрульдік бекет: Белкөл кентінен көпірге көтерілетін тұсы;

3.4. патрульдік бекет: С.Бейбарыс көшесінен көпірге көтерілетін тұсы;

№4. «Тасбөгет» кентіне 2 патрульдік бекет:

4.1. патрульдік бекет: М.Есенов – Амангелді көшелері қиылысындағы көпірге көтерілетін тұсы;

4.2. патрульдік бекет: М.Шоқай көшесі – «Тұран Газ» мекемесінің жанындағы көпірге көтерілетін тұсы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: