Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда 2 стационарлы газ құю бекеті ашылды

06.01.2021, 17:45 382

Қазалыда «Қызылорда газ» ЖШС-нің 2 стационарлы газ құю бекеті ашылды. Оның бірі аудан орталығы – Әйтеке би кентінде орналасса, екіншісі Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесінде орын тепкен.

Әйтеке би кентінің Қ.Пірімов көшесінде орналасқан газ құю бекеті салтанатты түрде ашылды. Аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа станцияда автокөліктерге газды тәулік бойы құю қызметтері қарастырылған. Бір мезгілде 2 бірлік техникаға дейін толтыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұнда тұтынушыларға шағын дүкен қызмет көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: