«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 418.67 (-1.65)

  • EUR: 507.64 (-1.7)

  • RUB: 5.71 (0.01)

«Елмұра – атақтарымның ең үлкені және ең қадірлісі»

20.02.2020, 10:07 569 0

Менің негізі шын есімім – Эльмира. Атақтарымның ішін­дегі ең үлкені және қадірлісі, маңыздысы осы – Елмұра. Менің де арқалап жүргенім елдің мұрасы ғой. Осы мектепте (жыршы Нұр-Сұлтан қаласында өнер мектебін ашқан болатын – ред.) елдің мұрасын сақтайтын жастар, таланттар көп болсын деген­ жақсы оймен мектептің атын «Елмұра» деп қойдым.

1997 жылы жаз айында Шәмшат Төлепова апамыздың көзі тірісінде 60 жылдығына орай конкурс ұйымдастырылды. Екі күнге созылған сол сайыста мен жеңімпаз атандым. Сонда Шәмшат апамыз: «Сенің орындауың ешкімге ұқсамайды. Диапазоның бөлек, дауысың өте жоғары. Сендей ерекше дауыс иесі қыздар арасында болған­ жоқ» деп баға берген еді. Қайтар жолда ақын Елена Әбдіқалықованың айтқан сөзі әлі есімде. «Сен үлкен жырларды, термелерді айтасың. Елдің мұрасын арқалап жүрсің ғой, сені Эльмира емес, Елмұра деп атайық»  деді. Содан  бері  23  жыл  өтті, мен  – Елмұрамын.

Жыршы Елмұра Жаңабергенованың

«Елмұра – атақтарымның ең үлкені және ең қадірлісі»

атты сұхбатынан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: