«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Сыр елінде көктемгі дала жұмыстары басталды

13.04.2020, 20:11 247 0

HALYQLINE.KZ –| Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары егіс науқанын бастады. Көктемгі дала жұмыстарына 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Сәуір және мамыр айларына бөлінген 10 750 тонна дизель отынының бағасы литріне 162 теңгеге арзандатылып, шаруашылықтарға 2 оператор арқылы жеткізілуде.

​Биыл облыста 183,1 мың гектар жерге егіс егу межеленіп отыр. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға қажетті қаржы көздері қарастырылған.​ Бүгінге 27,2 мың гектар жаздық бидай, жаздық арпа, мақсары, жаңа жоңышқа егілді. Қазіргі таңда, оңтүстік аудандарда жоңышқа және бидай дақылдары суарылуда. Негізгі дақыл – күріш егу жұмыстары сәуір айының 20-сынан кейін басталады.​

Дегенмен, егіс егуде туындап отырған бір мәселе бар. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып,​ Төңкеріс ауылдық округіндегі 13 шаруа қожалығы 3095 гектар алқапқа егін егуі тиіс. Алайда карантин талаптарына сай қиындықтар туындауда. Шиелі ауданының әкімдігіне аталған жұмыстарды бақылауға алу тапсырылды. ​Тағы бір айта кететін жайт, несиелер бойынша кепіл шарттарын тіркеуге байланысты «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ Қызылорда филиалы мен аудандардағы бөлімшелер арқылы қызметкерлер бөліп, арнайы құжаттарды қабылдау мәселесі оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта аграрлық қаржы институттарымен рәсімделген құжаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: