«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Азық-түліктің қымбаттау себебі түсіндірілді

12.05.2020, 11:48 223 0

HALYQLINE.KZ –| Қазақстанда азық-түлік пен өзге де тауарлар қымбаттады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында баяндады.

– Төтенше жағдай мен карантин талаптарында тамақ өнімдеріне сұраныстың өсуінен Қазақстандағы жылдық инфляция үдеуін жалғастырды және екі ай қатарынан 2020 жылы 4-6% нысаналы дәлізден асты. Биылғы сәуірде инфляция 6,8% деңгейінде қалыптасты. Саудалық серіктес елдерде карантин шаралары енгізіліп, импорт шектелді және ұсыныстың жеткіліксіз болуынан азық-түлік тауарлары бағасы бір айда 1,9% өсті, жылдық өсім 10,4%-ке дейін жылдамдады. Бұл – 2017 жылдан бергі ең жоғары өсім, – деді Ерболат Досаев қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, биылғы сәуірде көбінесе жемістер мен көкөністер – 5,6%, қант – 6,2% және жармалар – 3,4% қымбаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: