Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Демалыс күндері тыйым салу жалғаса ма?

09.09.2020, 11:55 436

HALYQLINE.KZ Үкіметтің онлайн жиналысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус жағдайының тұрақты екенін айтты. Тұрақтылықты сақтау үшін кейбір шектеу шаралары мен демалыс күндері локдаун сақталады деп жазады.

Министрлер кабинетінің жиналысында Алексей Цой Қазақстанда қандай тыйымдар сақталатынын айтты.

Үнемі салынатын тыйымдар қатарына төмендегілер жатады:

 – жаппай іс-шаралар ұйымдастыру, соның ішінде үйде;

 – мейрамхана, бар, түнгі клубтар, караоке, банкет залдары, жағажайлар мен ашық аквапарктер секілді көңіл көтеру орындарының қызметіне;

 – облысаралық автобус тасымалына.

Жұмыс күндері уақыт пен толымдылығы бойынша шектеу шаралары қойылады:

 – СОСО (дүкендер), сауда үйлері, сауда желілері, азық-түліктік емес базарларға, супермаркеттер мен дәріханаларға;

 – қоғамдық тамақтану орындарына;

 – мектептерге (180 адамдық мектептер мен кезекші сыныптардан басқа) және мектепке дейінгі мекемелерге (кезекті топтар мен білім беру орталықтарынан басқа);

 – фитнес орталықтар, бассейндер мен спортзалдарға;

 – діни нысандарға.

Демалыс күндері уақыт пен толымдылығы бойынша шектеу шаралары қойылады:

 – СОСО (дүкендер), сауда үйлері, сауда желілері, азық-түліктік емес базарларға, супермаркеттер мен дәріханаларға; сұлулық салондары, шаштараздарға, СПА және косметологияға;

 – фитнес орталықтар, бассейндер, спортзалдар мен сауналарға;

 – ашық аспан астындағы аттракциондарға;

 – діни нысандарға.

Айта кету керек, Қазақстанда жаңа шектеу шаралары енгізілмейді. Ережелер бұрынғыша қалады. Еске сала кетсек, бүгін Үкімет қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жоспарын бекітті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: