«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.54 (0)

  • EUR: 509.2 (0)

  • RUB: 5.72 (0)

Қызылорда: Пандемия уақытында 9,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

23.11.2020, 14:45 168 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында осы жылға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында жалпы сомасы 38,9 млрд теңгеге 277 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген. Жобаны орындау барысында 9,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

Атап айтсақ, әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге 17,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 126 жоба қолға алынып, 3946 жұмыс орнын құру көзделген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 6,8 млрд теңгеге 42 жоба әзірленіп, 1658 адам жұмысқа орналасқан. Ал, инженерлік-көлік саласындағы 62 жобаға 12,5 млрд теңгеге бағытталып, 3474 тұрғынды жұмыспен қамтыды.

Елді мекендерді абаттандыруға 47 жоба жасалып, 2,4 млрд теңге қарастырылды. Нәтижесінде ауыл жерлерде 899 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту жол картасы жобаларында орташа жалақы – 88 242 теңгені құрады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобалары аяқталғаннан кейін жаңа жобаларда 452 тұрақты жаңа жұмыс орны құрылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: