«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Шошқа бақтыру үшін субсидияны бала бағудан көп ету талай кісінің ойын бұзбай ма?

10.06.2020, 17:30 378 0

HALYQLINE.KZ  Байқайсыздар ма, собет үкіметінің былығы әлі кетпеген сыңайлы. Тірі нәрсені «әй мынауың арам қатыпты ғой» дегені үшін дәм татпайтын қазаққа туабітті арам нәрсені бақтыруды көздей ме? Әйтпесе қазақ жеті атасынан шошқа бағып па? Мына қызықты қараңыз, собет үкіметінде фильмдерде арақты көп пайдаланатын. Арақ ішілмейтін кино аз-тын. Соны көрген талай адам (талай ұлт) арақты атадан қалған астай пайдаланып жүр. Ал шошқа бақтыру үшін субсидияны бала бағудан көп ету талай кісінің ойын бұзбай ма? Қазір тарығып жүрген көп. Тартынбай тірлік ете салады. Туған баласын сатқандар, жезөкшелікпен айналысқандар, тіпті пара алғандар жеңіл ақша үшін бәрін тәрк етіп отырған жоқ па? Шошқа бағу оларға не тұрады? Туған баласының да етін жейтін шошқа дегенің алдына нәжіс салса да тартынбайды. Арақты да ішіп салар бұл мақұлық.

Дастанбек САДЫҚ,

журналист.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: