«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

«Аула сыпырушысының» мотивациясы

03.10.2020, 9:00 143 0

HALYQLINE.KZ

Бір кісі «Microsoft» компаниясына аула сыпырушы болып жұмысқа тұруға өтініш айтып келеді. Кадр бөлімінде оған сұрақтар қойып, тест тапсыртып, соңында:

– Құттықтаймыз, сіз жұмысқа қабылдандыңыз. Енді e-mail-ыңызды қалдырсаңыз, жұмыс кестесін жолдар едік дейді.

– Менде тіпті, компьютер де жоқ, e-mail қайдан болсын, – дейді.

– Өкініштісі сол, біз сізді жұмысқа қабылдай алмаймыз. «Microsoft» қызметкерлерінің жедел байланысқа шыға алуы – біздің компанияның ұжымдық жұмысында аса маңызды нәрсе. Бұны тиімді жұмыс тәсілі деп біледі, – дейді.

Амалы қалмағаннан ол кісі қалай компьютер сатып алуға болатындығын ойлап, қайтып кетеді.

Қалтасында бар болғаны 30 доллар екен.
Ол фермерден 10 келі алма сатып алып, адам көп жиналатын жерде дәмді, пайдалы экожеміс туралы айта жүріп, қызу сауда жүргізе бастайды. Бірнеше сағатта сауда екі есе артып, 6 сағатта 10 есеге өседі.
Мынадай қарқынмен жұмыс берушісіз-ақ өмір сүре алатынын ол түсіне бастайды.

Бір шама уақыт өткен соң, көлік сатып алып, одан әрі кішкентай азық-түлік дүкенін ашса, 5 жылдан соң, алып супермаркеттер иесі болады.

Бір күні ол өз бизнесін сақтандыру үшін сақтандырушы агенттікке келеді. Агент тиімді ұсыныстар айтуға e-mail поштасын қалдыруды сұрайды. Біздің кәсіпкеріміз бұрынғысынша e-mail-ы да, компьютері де жоғын айтады.

– Таңғаларлық екен, осынша алып бизнес жасай отыра, сізде жеке компьютер де жоқ па?! Егер сізде ол болғанда неге қол жеткізер едіңіз? – деп сұрайды.

Сонда кәсіпкер:
– «Microsoft» компаниясының аула сыпырушысы болар едім, – деп жауап береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: