«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.67 (0.98)

  • EUR: 510.99 (0.1)

  • RUB: 5.58 (-0.05)

Күйеуімдікі тұрмайды

07.11.2020, 17:00 547 0

HALYQLINE.KZ

Сәлеметсіздер ме! Мен Қызылорда облысының оңтүстік аудандарының бірінің қызымын. 29 жастамын. Тұрмысқа шыққаныма 1 жылдан асып барады. Күйеуіммен көп жыл қыз-жігіт болып (көбіне виртуалды түрде) жүрдік, сүйіп қосылдық. Күйеуім өзімнен 3 жас кіші. Қазір облыс орталығында тұрамыз. Бірақ әлі күнге баламыз жоқ. Не істерімді білмеймін. Менің бала сүйіп, ана болғым келеді. Алайда күйеуімдікі тұрмайды. Шынын айтқанда, мүшесі әлсіз, тез жатып қала береді. Дәрігер жағалап, емделіп те көрді, бірақ нәтижесі болмай тұр. Қанша тырыссақ та, тұрмайды. Кімге айтарымды да білмеймін. Айтуға да ұяламын. Әрі күйеуімді жамандағандай болғым да келмейді. Себебі оны қатты сыйлаймын.

Негізі, іште сақтай беруге болмайды дейді ғой. Ауырып қаласың. Сол ішімдегі жан сырымды бөлісіп, көпшіліктен көмек сұрайын деп едім. Бір жағынан ажырасып кетсем бе деймін. Бірақ ата-анамнан ұяламын. Олардың менің кесірімнен бастарын төмен түсіргенін еш қаламаймын. Сонда мен өсек әңгіме болмас үшін бақытсыз өмір сүріп жатқандаймын. Енді не істеуге болады?

ӘСЕЛ.

Қызылорда  қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: