Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетика кешені саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Ол министрлік жаһандық вендорлардың, салалық компаниялардың және сала үшін практикалық ЖИ-шешімдері бар IT-әзірлеушілердің қатысуымен AI-альянс құрғанын атап өтті.
Отандық әзірлеушілерді қолдауға ерекше назар аударылуда. Бірқатар Astana Hub резиденттерімен салада ЖИ-шешімдерді бірлесіп сынақтан өткізу және енгізу туралы меморандумдарға қол қойылды.
«Қазіргі уақытта 45 жобадан тұратын портфель жасақталды, оның 10-ы сараптама сатысында, 27-сі әзірлену сатысында және 8-і іске қосылу сатысында», – деді Ерлан Ақкенженов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!