Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығы бөлек

14.12.2021, 9:50 583

HALYQLINE.KZ

Пікір-пайым

«Арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыс құрды. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан айқастарда үдере көшіп, бордай тозып, тастай үгіліп, құмдай шайылып кеткен замандарда қазақтар түрік жұртының атақонысын, қара шаңырағын сақтап қалды» дейді Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Бостандық жолында басын бәйгеге тіккен бабаларымыздың асыл арманы болған азаматтығымыз ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.

Шындығында, Абылай хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай сынды баһадүрлердiң, сонымен бірге ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушылары Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары ханның жорықтары Ұлы даланы қорғаудағы теңдесі жоқ ерлiктiң үлгiсi болды. «Сар дала сары атандай жауыр еді» деп Жұмекен акын зар илегендей, бұл ел теперiштiң, небір зұлымдық, небiр жырткыштыктын бәрiн керді. Дала данагөйі Бұқар жырау күн батыстан бiр корғасындай кара бұлт шығып, қазақ даласын ойран-топыр ететінін көрегендікпен сезiндi, зар заман акындары Дулат, Шортанбай, Мұраттар отарлык езгiнiң елге, жерге, дiнге, тiлге тигізер зиянын зар еңіреп тұрып жырға косты. Олар дәстүріміздiң, эпостарымыздың түбiне балта шабылатынын күні бұрын сезіп, күйінді.

Расымен де ұлтымыз Ұлы дала төсінде ұлық ұлыс құра отырып, байырғы қонысын да, салт-дәстүрі мен мәдениетін де, тілін де, қайсар рухын да сақтап қалды. Замана дауылы диірменнің тасындай шыр айналған тұста да халқымыздың ұнтақталып үгіліп, қиындықтан белі бүгіліп кеткен жоқ. Солай бола тұрғанымен, егемендік елімізге аспанан салбырап түсе салмағаны да анық. Бұл жөнінде Елбасының мақаласында да жан-жақты баяндалған.

1916 жылы патша жарлығымен қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына тартылуына қарсылық көрсетіп, ер мінезді тұлғалардың бастауымен ұлт-азаттық көтерілістің болуы, одан кейінгі 1921-1922 жыл мен 1930-1932 жылдардағы сұрақия саясат салдарынан орнаған зобалаңда халқымыздың тең жартысы қырылғаны мен Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы мол болғанына да тоқталып, 1989 жылы республикамыздың бірінші басшысы болып сайланғанда, сол жылы өткізілген КСРО-ның соңғы халық санағынан дерктері бойынша еліміздің қазақтардың үлес салмағы нәбәрі 40% ғана болғанын келтіреді.

Тұңғыш Президентіміздің «Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізсек те, оған барар жолда бабалар қаны аз төгілген жоқ. Тәуелсіздік сол киелі қанның өтеуі еді. Мен мұның бәрін біз сенген, тәрбиеленген бүгінгі жас ұрпақ білсін, санасына сіңірсін деп әдейі жазып отрмын» деп айтканынан ойлы сыр түйеміз.

Қорыта айтканда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихтың тереңіне бойлап, азаттықтың абыройын асқақтатқан ойлы мақаласын оқып, Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығы бөлек екенін түсіндік.

Бүгінгі жетістіктерімізге берік заңнамалық іргетас болып қаланған Ата заңымыз – жаңа Конституциямыз қабылданды. Шекарамыздың барлық бойлығына қатысты сындарлы келіссөз жүргізілді. Осының бәрін аз уақытта жүзеге асыру оңай болған жоқ.

Қанат  ҚЫПШАҚБАЕВ,

«Болашақ»  университетінің  жоғары  колледжі  оқытушысы,

педагогика  ғылымдарының  магистрі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: