Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Орыс тілінің шылауында қашанғы жүре береміз?

10.08.2020, 11:20 1181

HALYQLINE.KZ Халық тарапынан қойылған жер-су атаулары – сол жердің табиғи құжаты болып табылады. Әр затты тек өз атауымен ғана атайтын қазақ тілінің қазынасы өте бай. Ал оған көз жеткізетін дәлел де, мысал да жеткілікті. Ватсап желісі арқылы жіберген азамат мына суретте Алматы облысы Іле ауданындағы «Сегіз көл» деп аталатын елді мекенді «Восемь озер» деп аударып, жазып, іліп қойғанының қаншалықты заңды екенін айтыңыздаршы деп өтініш білдірген еді. Әлеуметтік желіні ақтарып шыққанымда байқағаным расында «Сегіз көл» – «Восемь озер» болып аударылған екен.

Жер-су атаулары адамдардың есімдері сияқты, яғни жоғарысында тұрған «Өстемір» елді мекені тәрізді басқа тілге аударылмауы тиіс. Яғни, қазақшасында қалай жазылса, орысша және ағылшыншада да бір нұсқада жазылуы шарт. Бір ғана мысал: «Астананы – Столица» деп аударсақ, әрине, күлкілі болар еді. Жер-су атаулары – елдің хаты, тарихы. Олай болса қашанғы орыс тілінің шылауында жүре береміз? Тым жақсы қазақша атауды мазаққа айналдырмайық.

Жанар ТҰРДЫБЕКҚЫЗЫ,

«Тіл сақшысы» газеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: