Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

COVID-19: пандемия һәм табиғат

24.09.2020, 11:30 760

Соңғы жылдары экология мәселесі – жердің түкпір-түк­пі­рін­де талқыланып жатқан ең өзекті тақырыптардың бірі. Әлемдік жылын­у рекордтық деңгейге жетіп, соңғы 40 жылда адамзат жабайы­ табиғаттың жартысынан айырылған. Мұхиттар қоқыс пен шикізатқа толып, жан-жануарлар саны да біршама азайған. Бұл тақырып көптеген жерде қозғалып, шешу жолы табылмай жүрген еді. Иә, расымен осынша бүлінген табиғатымызды «қайтары­п алу» мүмкін еместей көрінген. Дегенмен, әлемді әбігерге салған пандемия көп дүниеге көзқарасымызды өзгертті. Соның арасында экология мәселесі де бар. Індет бүкіл әлемге бой алдыра­ бастағаннан-ақ көптеген елдер карантинге жабылып, қозғалыс азайды. Бұрынғы күйбің тірлік азайып, тіпті себепсіз көшеге шыққан адамдар заңмен жазаланды. Көптеген мекемелер­ мен зауытт­ар жабылып, кейбіреуі үйден онлайн жұмыс істеу форматы­на көшті. Оқушылар мен студенттер де үйлерінен шықпай­ оқуға мүмкіндік алды. Адамдардың табиғатпен байланысы  бір­шама  үзілді. Тиісінше, табиғатқа келтіріп жатқан зиян­ы да кеміді. Және бұл өзгерістер көп ұзамай-ақ өзінің оң әсерін  көрсете  бастады. Мамандарды таңғалдырғаны, осын­шама­ аз уақытта экология бірнеше есе тазарып, адам нанғысыз өзгеріс­терге алып келгендігі. Тіпті, адамзаттың көз алдында ұмытыл­ған бейнелер қайта ашылып, жан-жануарлар қалаларға жақындай бастады. Экология басты проблемаға айналған замандағ­ы бұндай прогресс мамандарды таңғалдырды. Табиғат адамдарсыз қайта тірілді десек­ те болады. Мысалға, Үнді мемлекетінің тұрғындары өз ауласының алдынан Гималай тауының көрінгенін айтады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар таудың­ қаладан анық көрінетінін білмейді де екен. «Карантин болмағанда қаламыздың  мұндай әсем  бейнесін  байқамайды  екенбіз», – дейді  тұрғындар.

Ал, бұл суреттерден Қытайдағы карантинге дейін және қарантин уақытындағы ауаның қаншалықты тазарғанын көре аласыздар. Суреттер жерсерік арқылы түсірілген. Мамандардың айтуынша, аспан асты елінде­ ауаның ластануы 25%-ға азайған. Оның себебі, жоғарыда айтылған фабрика мен зауыттар жұмысының уақытша тоқтатылуы. Тиісінше, ауаға тарайтын диоксид азоты мен қатынас құралдары бөлетін улы газдың болмауы. Италиядағы жағдай да осыған ұқсас. Қайықтардың жүруіне шектеу қойылғаннан кейін Венецияның өзендері тазарып, тіпті су астындағы балықтар  көріне  бастады.

Айта кететін жайт, италиялық Сие­на университеті мен даниялық Орхус университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша Италияның сол­түстігінде, дәлірек айтқанда, ауасы лас өлкелерде коронавирусты жұқ­тыру көрсеткіші жоғары екендігі байқалған. Ондағы мекендерде өлім пайыз­ы 12%-ды құраған. Неміс ғалымдарының зерттеуі де осыған ұқсас шешім шығарды. Ауа құрамында диоксид азоты көп аудандарда адамдар індетті жұқтыруға бейім болад­ы екен. Осыдан екі жыл бұрын, 2018 жылы швейцариялық ұйым AirVisual ауасы лас мемлекеттер рейтингін жасап, біздің елімізді 20-орын­ға қойған болатын. Дегенмен, карантин біздің елдің де экологиясына оң өзгерістер алып келді. Алматы қаласында қатаң карантин уақытында көлік қатынасы 80%-ға азайған. Және  атмосферадағы ауа сапасы жоғары­лап, улы заттардың концен­трациясы төмендеген. Еліміздің бас­қа қалаларында да осыған ұқсас жағдайлар болға­н. Елорданың тұрғындары да ауаның біршама тазарғанын аңға­рыпты. Бұдан бөлек, бірнеше өзен, көлдер тазаланғаны байқалды. Дегенмен, кейбір өзендерде мүлдем өзгеріс болмаған. Оның ішінде облысымыздағы Сырдария өзені де бар. Яғни, бізде де карантиндік шектеулер бол­ғанымен, судың ластануы азаймаған.

Естеріңізде болса, газетіміздің мамыр айындағы санында табиғат жанашыры Ғани Назарбекпен сұхбатта карантиннің арқасында қызғалдақ гүлдері жақсы өсіп, гүлдеп жатқаны айтылған-ды. Дегенмен, қонағымыз бұл уақытша өзгеріс ғана болып қалатынынан да қорқатынын жасырған жоқ. Егер қатаң режимнен кейін де демалушылар табиғатқа зиянын тигіз­бесе, қызғалдақ гүлінен мемлекетіміз біраз табысқа кенелетінін айтқа­н. Міне, карантин талаптары жеңілдене бастады. Ендігі кезде  біз­ден біршама уақыт демалып, жасар­ған табиғатымызды барынша қор­ғауымыз  қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ғаламшарымыздағы он адамның тоғызы лас ауамен өмір сүріп келеді және жыл сайын бұл жеті миллиондай адамның өмірін қияды екен. Мамандар карантинде ауаның тазарғанын растап, және осындай қалыпты тағы 10 жыл сақтасақ, қазіргі экологиялық проб­лемалардан құтылуымызға болатынын айтады. Дегенмен, 10 жыл бойы­на бұл қалыпты сақтай алмайтынымыз анық. Бірақ, Жер-ананың аз уақытта өзін-өзі жылдам қалпына келтіре алатынына көз жеткіздік. Алдағы­ кезде карантиннен кейін халық арасында экологиялық мәдениетті дамытып, табиғат мәселелерін одан әрі жақсарту жолдарын қарастырсақ, жасыл­ желек жамылған қорша­ған ортада­ таза су ішіп, таза ауамен тыныста­ған  болар  едік. Әрине, айтуға  оңай…

Бекзат  АМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: