Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ажырасу – қосылудың шиеленіскен шешімі

20.01.2020, 14:32 2836

«Пәлен жерде алтын бар» десе, алды-артымызға қарамай үдере көшетін әдетіміз ғой. Осы жолы да жазған қалпынан таймай үкіметтің беріп жатқан 21 мың теңгесін алу үшін ел-жұрт небір қитұрқы әдеттерге барыпты. Айтса, адам сенгісіз. Құрығыр 21 мыңды құрыққа ілу үшін жұртың бәрі демей-ақ қояйық, ақша алғысы келетін жұптың  денi  жаппай ажырасуға арыз берген. (!) Аты-ақ жаман әдетке ақша үшін үйір болған қазағымның басына осындай күн туарын кім білген? Биыл облыста бүгінге дейін бас-аяғы 5367 неке тіркелсе, жыл бітпей жатып оның 2000-ға жуығы ажырасып үлгерген. Демек, үйленейік деп бас қосқандардың 30-35 пайызы  үй  болуға үлгермей,  жарым  жолда  жолайрыққа  тіреледі  деген  сөз.

Неке   бұзу   фактісі   жылдан-жылға   артып   келеді

Қызылорда облысының Әділет департа­менті берген ақ­парат  бойынша некеге тұруға  ниет білдіретіндердің жасы – шама­мен 21-29 жас аралығын­дағылар. ҚР «Неке (ерлі-зайып­тылық) және отбасы туралы» Кодекс­інің 10-бабына сәйкес некег­е тұру жасы ерлер мен әйел­дер­ үшін 18 жас болып белгіленген. 18 жасқа толмай жатып, яғни небәрі 16-17 жастағы 30-дан аса  жұп бас құраған. Осы орайда айта кетейік, заң бо­йын­ша  егер жүктілік, бала туу секілді айрықша мән-жайлар болған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бо­йынша тір­кеуші  органдар  неке  жасын  екі  жылдан аспайтын мерзімг­е  төмендетеді.

Қызылорда қалалық сотына ажы­расу ісі бойынша жыл басынан бері 1845 талап-арыз түсіп, оның  968-і  қанағаттандырылған, яғни  осынша  отбасы  ажырасқан. Ал былтыр 1294 адам ажырасуға  ниет  білдір­ген. Сонда­ бір жылдың ішінде неке бұзудың­ саны 551-ге артып отыр. Жыл өткен сайын азаюдың орнына­  көбейе  түскен. Талап-арыз­дары қанағаттандырылмайтындары да болады.­ Егер әйелдің аяғы ауыр немесе 1 жасқа толмаған баласы болса, сот талап­-арыздары­н қабылдамай, қайтарып жібереді.

Бір  қызығы, ажырасуға  талап-арыз беретіндердің 80 пайызы әйелдер екен. Қазіргі  жастарда  отбасы­н  сақтап  қалудағы  жауапкерші­лік, бала-шаға алдындағы ата-аналық парыз, міндет дегенді сезін­у мүлдем жоқ. Бұл туралы  бізге  Қызылорда  қалалық сотының  судьясы  Забира  Абылай­қызы  айтып  берді.

– Ажырасуға  арыз  беретін  жастар­дың  дені – үйленгендеріне  небәрі 3-4 жыл толғандар. Жыл сайын ажырасу фактісі азайып жатқан жоқ. Неке бұзу ісі туралы­ сотта қос тарапт­ың  барлық  жағдай­лары қаралады. Араларында бала болса, оларға төленетін алимент, баланың  кімге  қалатындығы заң негізінде шешіледі. Бізде  мына­да­й  бір  оқиға болды. Ажырасқан әйелі 3 қы­зын «бағып­-қағуға  мүм­кіндігім  жоқ»  деп  күйеуін­е қайта бермекші  болды. Сотта  көп  жағдайда арадағы бала қыз  болса,­ онда шешесінің тәр­биесіне  қалдыруғ­а тырысады. Әкесі қарсы бол­ған жоқ, арада бір­шама уақыт өткеннен кейін әкесі қыздарына қарай алмай­тындығы  жөнінде  қайта  арызданған. Мұндай  жағдайда  балал­арды  қорғаншы, қамқоршы  органдарға  жіберуге  тура  келеді.

Бір әйел сотқа арыз берді. Босанғ­ан  соң перзентханадан алуға күйеуі кел­меген. Қазіргі таңда­ екеуі бөлек тұрады екен. Әйелі сотқа ажырасуға берген. Сонда­ сотта айтатыны: «Маған келмейді, хабарлассам, теле­фонын көтермейді» дейді. Күйеуі­нен сұрасаң, «ажырасуға арыз берген­ өзі, ажырасамыз» деп тұрып алады. Осындайда жас­тарда  бір  жауапкершілік, отбасын ұстап қалуды сезіну мүлдем жоқтың­  қасы ма  деп  қаласың?!­

Қазір сананы тұрмыс билеген заман болды. Ажырасқысы келе­тін азамат­тардың дені әлеуметтік жағдайды сылта­уратады. Талап-арызын берген азаматтарды  заң  бойынша 6 айға дейін татуласуға, бір бітімге келулеріне мүмкіндік береміз. Мұның барлығын біз балал­арды ата-анасыз, жетім өспесін деген ниетпен істейміз. Біз мін­детті түрде  олардан ажырас­қаннан кейін қалай және кім­мен бірге тұрады, қалай өмір сүре­ді деген­ секілді сауалдарды қоямыз. Жағдай ушығып бара жатқан­ кезде­ медиа­цияға жібереміз. Тек ара-тұра араларындағы жағдай тым  шиеленісіп, отбасының шырқы­  бұзыл­ған  жұптарды  амалсыз  ажыратуға  мәж­бүрміз. Екеуін­ ажырастырмауға тыры­сып,­ барын­ша сұрау салсаң, «міне­зіміз жарас­пады»  дейді.  Жауапкершілік аз. Көпшілігі  «анасы­  ортаға  түс­ті»  деген­ді  алға  тартады, – дейді ол.

Оның айтуынша, сотқа жүгі­неті­н­дердің дені – нарықтың қыспағынан шаршаған, күйеуінің табысы­на қана­ғаттанбайтын, отбасы­лық ұрыс-керіс­тен әбден қажыған әйелдер. Өмірдің ыстық-суығына бірге күйіп, қиыншылықтарды қол ұстасып өткереміз деп ақ неке алдында уағдаласқан жастардың жыл өтпей жатып, шаңыра­қтарын  шайқалтуға  бейім тұратындарының себеб­і  осын­дайдан  шығады.

Медиация   ажырасудың  алдын   алады

2019 жылы медиациямен Қызыл­орда қалсында 140 жұп қайта бітімге келген, яғни  ажыраспаған. Халық­­аралық статис­тикаға сүйенсек, барлық даулардың 40 пайызы медиация рәсімі­нен өтеді. Оның 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Өркениетті елдер­ медиацияға әлдеқашан  көшкен. Онда көптеген даулы мәселе медиа­тордың  араласуым­ен   реттеледі.

– Қазіргі  кездегі  ажырасудың  басты  факторлары – ер-азаматтардың   ішкілік пен құмар ойындарға салынып кетуі, жұмыссыздығы  себеп  болып  отыр. Биыл  медиацияға келгендер көп болды.­   Әйелдердің   ажырасуға   арыз   беруі – отбасы­н бұзудың негізгі себебі емес. Олардың­ басым көпшілігі күйеулерінің арағын қойдыртамын, құмар ойыннан арылтамын немесе отбасы алдындағы жауапкер­шілігін нығайтамын деген себеппе­н талап-арыз беріп жатады­. ҚР Медиация туралы заңында тараптардың келісімі бойынш­а медиация 60 күнге созыла алады. Медиация кезінде ерлі-зайыптылар тек медиатордың қойған­ сауалдарына жауап беріп жатады,­ – дейді «Бітім» медиация орталығы­» қоғамдық бірлестігінің  жаттық­тырушы  медиаторы  Ләззат  Бақтыбаева.

Сөзге  тоқтаған  қазақпыз. Тіпті  азаматтар «ажырасамын» деп сотқа жүгірмес бұрын бітімге келуге медиаторлардың көмегіне жүгінсе, жақсы. «Сотқа барыпты» деген жаман атқа қалма­й-ақ жұптар  жарты  жолдан  қайтып  жатса, оның  несі  айып?

Біз   Ібілісті  

қуантып   жүрміз

Үлкендердің «бүгінгілер түй­медей қиындыққа төзбей шам­данып шыға келеді­» деп кейістік білдіруінің жөні бар. Асылында бірлесіп, бір шаңырақ астында керегемізді кеңейтеміз деп үйленген  жастар  өмірдің қалтарыс-бұл­тарысына  да  байыппен  қарауы  жөн  сияқты.

Шариғатта себепсіз ажырасуға рұқсат етілмейді. Тек әйел өзінің дінінен безсе, күйеуінің ата-анасына қол жұмсаған болса, күйеуі әйелінің ойнастық жасап, зина қылғанына куә болған болса, онда мұндай әйелден ажырасуға болады. Сондықтан бұдан басқа себептерге бола отбасын бұзуға  тыйым  салынады.

– Неке дегеніміз – бұл екі кісінің бір-біріне серттесе отырып, Алла тағаланың алдында бір-біріне адал болуға уәделесуі. Некеге қатысты «Нұр» сүресінің 32-аятында Алла тағала айтады: «Араларың­дағы бойдақтарыңды үйлендіріңдер және егер олар кедей болса, Алла оларды өз кеңшілігімен байытады» дейді. Осы аятқа сүйене отырып, Әбу Ханифа деген ғұлама, ғалым кісі айтады: «Кімде-кім байғысы келсе, жағдайының жақсы болғанын қаласа үйленсін» деп некенің артық­шылығын айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у):  «Үйлену – менің сүннетім. Кімде-кім одан бас тартса, онда ол бізден емес» дейді. Ұлтымызда да «бас екеу болмай­, мал төртеу болмайды» деген де ұлағатты сөз бар. Бұлардың барлығынан шығатын­  бір  ғана  қорытынды  бар. Нәті мұсылман әрбір адам балиғат­  жасына толған соң үйленіп, артынан салиқалы ұрпақ жалғасты­руға  міндетті.

Ажырасу  қазақ қоғамында болмаған. Болған күннің өзінде де де қазақ оның мәселесін­ шешіп отырған. Күйеуі немесе әйелі қайтыс болғандарды әмеңгерлік салтымен қайта үйлендіріп отырған. Қазақта­ күйеуі қайтыс болған әйелді жесір десе, күйеуден қайтып­ келген қызға атау жоқ. Бұл – біздің ұлтымызда ажырасу деген ұғымның   болмағанды­ғының   дәлелі.  Қазіргі таңдағы  ажырасу – күн тәртібіндегі күйіп тұрған мәселе­. Жауапкершілікті жинап қойып, кез келгенн­ің аузынан «талақ» (талақ – араб  тілінен  аудар­ған­да  «ажырасу» деген­ мағынада) деген сөздің оп-оңай шығаты­н жағдайға жеттік. Біздің дінімізде ажырасудың үкімі – арам.  Пайғам­барымыз (с.а.у) үш нәрседе әзіл болмайтынын  айтады: соның біреуі – талақт­а. Тіпті бұл «талақ» деген сөз айтылған кезде Алла тағаланы­ң аршысы­ сілкінеді екен. Екі адам ажырасып, бала жетім, әйел мен күйеуі құлазыған кезде шайтан қуанады. Ібіліс кешке қарай өзінің  нөкерлерінен  «сен не істедің?» деп есеп  алады  екен. Сонда  біреуі: «мен біреуге­ арақ  ішкіздім»  дейді. Сонда Ібіліс оған:  «сен  ештеңе бітірмепсің, ол адам қайтад­ан тәубе ете салады»­  дейді. Содан­ соң келес­і нөкерінен «сен не істедің?» деп сұрайды­. «Мен бүгін екі жастың­ арасын ажыраттым» деген кезде­  Ібіліс: «кел менің оң жағыма­ отыр» деп айтады екен. Сонда көп жағдайда біз Алланың разылығынан ажырап, Ібілісті  ғана  қуан­тады екенбіз, – дейді Қызыл­орда қалалық «Нұр» мешітінің имамы Марат   Дайрабайұлы.

Жастарға  газет  емес, 

гаджет  қызық

Иманнан асып, айрандай ұйыған отбасын бұзу кәнігі қалыпты жағдайға айналып бара жатыр­. Кінәні екі жасқа артып қойып отыру да – әбестік. Мүмкін мұның астарында діни сауатсыздық, тәлім-тәрбие, ақыл-ойдың аздығы­  жетісп­ей  жатқан  болар?! Үйде  үлкендер «тәйт» демесе, кішісі аяқ тартпайтыны анық. Бірақ, қазіргі  буынға­  ата-ананың айтқанынан гөрі  интернет  иірімдер­і, газет­тег­і  емес, гаджет­тегі ақылдар  артығыр­ақ  болған.

– Қазір жастардың  сана-сезімі, ойлау қабілеті өзгеше­. Өйткені бүгінгі салт-санада  көп  өзгеріс  бар. Өркениетті  елдерден келген мәдениет, салт-дәстүрдің барлығы бізбен етене  араласып  кетті.  Ұлтымызда «жақсы­  келін – келі, жаман келін – келсап» деген аталы­  сөз  бар. Алған  тәрбиесі  мен санасы жетік келін бір отбасы­н алып кетеді. Отбасының қазықтай қағылуы әйелге байланысты. Қазақта «әйел – үйдің береке­сі» деген сөз бар.  Ер адам жаман болса да, соның жақсысын  асырып, жаманын  жасырып, шаңырақтың шаттығын келтіріп отырған келінді кім сүймейді? Тұрмыстық қиындық туды екен деп, қағазын сотқа ала жүгіретін немесе төркін асып үйдің берекесін қашы­ратын әйел түбінде жақсы болмайды. Ол үшін санадағы «екінің бірі ажырасады» немесе «кім ажыраспай  жатыр?­» деген соқыр ұғымның барлығын алып тастау керек. Босағаны  жақсы  жар, бақытты әйел боламын деп аттаған қыз өзін дүниеге­ әкелген ата-анасын, туған­-туысқандарын ұятқа қалдырмауға тырыс­у қажет. Сонда ғана үйдің түтіні де түзу шығар еді, – дейді Қызылорда­  қаласының  тұрғыны  Қалдыгүл  Байбосынова.

Елімізде соңғы бес жылда 700 мыңнан астам неке қиылып, 200 мыңнан  астам неке бұзылған. Былтыр 138 мыңнан астам неке қиюға өтініш тіркеліп,  54 мыңнан астам жұп ажырасқан. Ажырасулардың ең көп тіркелген аймағы   Алматы қаласы мен Алматы облысында екен. Қызылорда облысы әзірге «ажы­расқыш» аймақтың қатарында емес. Таныма­л американдық әлеуметтанушы, психолог Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырас­атынын есептеп, дәлелдеген­. Бір АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады­.  Кейбір   мәліметтерге  сүйенсек,  ажырасқан  еркектердің 50 пайызының қайта үйленуге мүмкіндігі болады­ екен. Ал мұндай  мүмкіндік  әйелдер қауы­мына жұғыса бермейт­ін көрінеді. Өйткені олардың­  психологиялық  жай-күйінің  қайта  қалыптасып, қалпына келуі  үшін  5-10  жылдай  уақыт кетеді екен.

Сонымен бүгінгі буын тұрмыстық тауқыметке төзімі таусылғанда ажырасуғ­а бел байлайтын болса, жалғыз жүріп жол табамын деп ойлайды­. Жұбынан ажырап, бөлек өмір кешкенде ғұмыры ертегіге айналып­ кетер деп топшылайтын да шығар?! Ал психологта­р  бұған  не  айтады?

– Қазір  ажырасуға күнделікті өмір­дің қайталануы, бір-бірін сыйламау (ауыр сөз­дер айту), материалдық  қиындықтар, отбасыға  әр­түр­лі  көз­қарас (ата-енемен бірге тұру, жұ­мыс жасау), көзге шөп салу, өмірлік сынақт­ар, психоло­гиялық  қатыгездік  неме­се  бұзылыс (қол кө­теру, т.б.) әсерін тигі­зеді­. Сондықтан екі жұп некеге тұрмас бұрын көптеген мәселелерді алдын­  ала талқылауы тиіс. Мәселен, ата-анамен бірге немесе­ бөлек тұру, ақша ұстау, зиянды әдеттерден арылу­ деген­ секілді дүниелердің аражігін ажыратып  алуы тиіс, – деді психолог  Сымбат  Абдрахманова.

Қазір  кешегі  мен  бүгінгіні  салыстырып отырудың қажеттілігі аз ғана. Өйткені  үлкендер  айтқандай, жастардың сана-сезімі мен ой-өрісі мүлдем өзгеше­  бағытқа  бұрылған. Оларға  тек  мүмкін­дігін­ше дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған жөн. Ал сіз айтқан ақыл мен  берген  бағдарыңы­зға  бағытын  бұра  ма, жоқ  па, оны  тағы да  жастардың  сана­сына  саласыз.

Түйін.  Бүгінде көп ата-ана еркелік пен  есерліктің  аражігін  ажырата  алмай  қалған  секілді.  Дүниеге келген қыз баланы о бастан жатжұрттық екенін ескере отырып­ тәрбиелесе­,  ажырасудың   ауы­лына  аттап  баспас еді. Бұрын қайтып­  келу  қызға  қарабет болумен тең болса, қазір  қай­тып­  келген  қызын  құшағын  жая  қарсы  алады. Есік көрген  қызды  еркелетіп­, есіртіп жүргенімізде ел болудың­  қамын   айту  өрескелдік-ау.

Әйгерім   НАЖМАДИНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: