Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жезөкшелікпен айналысқан 15 притон белгілі болды

01.11.2021, 10:30 214

HALYQLINE.KZ Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 15 притон жойылды. Интим қызмет көрсеткен 484 әйелге қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деп хабарлайды  Polisia.kz сайты.

Полиция мәліметінше, рейд жүргізу барысында бірнеше жезөкшелер үйі анықталған. Жезөкшелер үйінің бірі Алматыдағы Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде орналасқан.

«Жыл басынан бері осындай 15 орын анықталды, олардың иесі жезөкшелікпен айналысуға мекеме бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, интим қызмет көрсеткен 484 әйелге әкімшілік шара қолданылды. Көпшілігі қиын жағдайына байланысты жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты», – дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Ол полиция қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізетінін айтты. Айта кетейік, құқықбұзушылар арасында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жиі кездеседі. Олар сот шешіміне сәйкес елден шығарылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: