Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Істерді медиациялық келісіммен аяқтау тәртібі

22.04.2020, 10:06 665

HALYQLINE.KZ –| Мемлекеттiк айыптаушы және жекеше айыптаушы белгiлi бiр адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық қудалаудан бас тарта алады. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң кiнәсiн еркін түрде теріске шығаруы немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындауы, жәбірленушімен татуласуы, процестік келісімді, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімді жасасуы мүмкін. Азаматтық талапкер талап қоюдан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап қоюды мойындауға немесе азаматтық талапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы.

Заңда көзделген жағдайда, сот отырыстарында күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға мүмкіндік бар.

Тараптар заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады. Медиатор өз тарапынан медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға, қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге, тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы. Сонымен қатар, медиация жүргізген кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет жасауға, медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, медиация рәсімін өткізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі, кейінгі сатыларында жүзеге асыруға құқылы. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Судья сот отырысын тағайындау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, процестік келісім жасасу, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілгенін-берілмегенін анықтауы тиіс.

Сот отырысына шақырылған тұлғалардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдемелерді талап етіп алдыру қажеттiгiне, прокурордың жаңа айыптау актісін жасауына және табыс етуіне немесе медиация рәсімін өткізуге, процестік келісім жасасуға байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды белгілі бір мерзімге кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. 

Малика Алтыруова,

Байқоңыр қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: