Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алты балалы әйелді алдап…

14.05.2020, 10:15

HALYQLINE.KZ Осы жұрт «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» дейді ғой. Заманды қалыптастыратын адам  екенін ескерсек, заманды кінәлау қате­лік  шығар…

Қызылордалық Г. есімді азаматша бұрын сотты  болса да, содан сабақ алмапты. Адамды­ алдап-арбауды кәдімгідей кәсіпке айнал­дырып алса керек. Олай дейтініміз, өткен жылы  ғана  Қазақстан  Республикасының ҚК-нің  190-бабының (алаяқтық) 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостанды­ғынан айыру жазасы қолданылып, ҚК-нің 58-бабының 3, 6-бөліктерінің талаптарымен таға­йындалған жазаны онша қатаң емес жазаны неғұрл­ым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті  3  жылға  бас  бостандығынан  айыру­ жазасы­ тағайындалған. Дегенмен, оның 14 жасқа­ толмаған баласы бар екендігі ескеріліп, жазаны­ өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылған екен. Құдай алжастырамын десе, түк емес. Ол араға жыл салып әлгі әдетін тағы да  қайталапты.

Сотталушы алдымен осындағы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін, 6 баласымен пәтер жалдап тұратын әйелді тақырғ­а отырғызған. Қалай дейтініңіз бар ма? Танысының іші-бауырына кіріп, кезектен тыс пәтер алып бере алаты­ндығын айтып сендірген. Ол бұл «қызметі» үшін 1 миллион теңге сұраған. Сөйтіп, айналасы 1-2 айдың көлемінде танысының жиған-терген қаржысын қалтасына  басыпты.

Араға үш ай салып, Г. «кәсібіне» қайта кіріседі. Кезекті «құрбанына» облыс орта­лығындағы мектептің біріне мұғалім ретінде­ жұмысқа орналастырып бере аламын­ дейді. Ол «қызметінің» құнын 500 мың теңгеге бағалаған екен. Алдымен жәбірлену­шінің 400 мың теңгесін, 2 күннен соң 100 мың  теңгесін  алған.

Уақыт зымырап өте береді. Үй аламын деп үміттенген 6 балалы әйел де, жұмысқа орнала­суды ойлаған адам да Г.-нің үйіп-төккен уәде­сінен күдіктене бастайды. Кейін жәбір­лену­шілер бұның алаяқ екенін естіп, ақшасын қайтаруды сұрайды. Г.-нің мұндайға әбден еті үйре­ніп кетсе керек, хабарласқандарға жекіп, балағаттап тастайды. Қысқасы, бұл іс құзырлы­ ор­ганның назарына алынып, ақыры сотқа жетеді.

Сот отырысында жәбірленушінің бірі алаяқ әйелмен татуласқанын айтса, екіншісі, керісінше, жауапқа тартуды сұрайды. Құзырлы орган іске араласқан соң сотталушы жәбір­ленушілерден алған ақшасын қайтар­ған. Дегенм­ен, қылмыстың өтеуі – жаза.

Істі мұқият зерттеп-зерделеген сот төмендегідей Үкім шығарды. «Сотталушы Г. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасының ҚК-нің  60-бабының негізінде, үкімдердің жиынтығы бойынша, Қызылорда қаласының №2 сотының 12.08.2019 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігінің негізінде соңғы үкімі бо­йынша тағайы­ндалған жазаға соттың алдың­ғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлі­гіне, жазаларды ішінара қосу жолымен 5 түп­кілікті  3 (үш) жыл 6 (алты) айға бас бостанды­ғынан айыру жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 46-бабының 5-бөлі­гінің 2-тармағына сәйкес жазасын қылмы­стық-атқару  жүйесінің орташа  қауіп­сіз меке­ме­лерінде өтеуге белгіленсін. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, он төрт жасқа толмаған бала­лары бар әйел ретінде жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа­ толған­нан асырмай кейінге қалдырылсын. Сотталғанға пробациялық бақылауды және мінез-құлқын қадағалауды жүргізу Қызыл­орда қалалық пробация қызметіне жүктелсін. ҚК-нің 74-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғас­тырса немесе­ сотталып,  жазасын өтеу кейінге қалдырыл­ған  адамды  бақылауды жүзеге асыратын орган екі рет жазбаша түрде ескерту жасал­ғаннан  кейін  қоғамдық  тәртіпті  бұзса, сот сол  органның ұсынуы бойынша жазаны өтеуді кейінге  қалдырудың күшін жойып, сотталғ­ан адамды  сот үкіміне  сәйкес тағайын­далған жерге жазасын өтеуге жібере алатыны түсіндірілсін. Үкім заңды күшіне енгенн­ен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне есепке қою үшін Қызылорда қалалық­ про­бация қызметіне келу міндеттелсін. Г-ның анықтау органдары мен соттың шақыртуы бойынша келу міндеттемесі жойыл­сын. Азаматтық талап қараусыз қал­дырылсын. ҚК-нің 98-2 бабаның 4-тармағының тәртібімен сотталушы Г.-дан жиырма айлық есептік көр­сет­кіш мөлшерінде 50 500 (елу мың бес жүз) теңге­ ақшалай сома түрін­дегі мәжбүрлі төлем Қазақстан Республика­сының жәбірленушілерге өтемақы қорына өндірілсін.  Заттай дәлелдеме ретінде таныл­ған­ қылмыстық іс бойынша жәбірленуші  Қ. алынғ­ан «Kaspi Bank» АҚ-ның филиалынан алған несие құжаттарының көшірмесі, «Kaspi Gold» есеп шотына ақша аударған түбіртектерінің көшірмелері, қолхат көшір­месі және  берген  ақшаларының нөмірлері мен сериясы жазыл­ған 3 парақтан тұратын тізім көшірмелері қылмыстық  іспен  бірге  сақталсын».

Осылайша екі бірдей адамды алдап соққан әйел ақыры құзырлы органның қақпанына түсті.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: