От пен оққа оранған майданның ортасында талай жанның ерлікпен шайқасқаны мәлім. Үшбу хатта да үрейден гөрі үмітін үстем етіп, қорқыныштың көлеңкесін ысырып тастағаны содан. Бұл жанқиярлықтың өзі – болашақ ұрпаққа қалған үлгі мен ұлы сабақ. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері «Мәңгілік алау» ескерткішіне арнайы барып, гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ, қызметкерлер бір минут үнсіздік жариялап, қиян-кескі ұрыста Отан үшін жанын қиған батыр бабалардың рухына тағзым етті.
– Сұрапыл соғыстың от-жалынынан өткен аға буынның ерлігі – ұрпақ үшін өнеге. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз. Бейбіт күннің әр сәті – батырлардың жанқияр еңбегінің жемісі. Сондықтан, ер есімін, ерлік ісін ұмытпай, қызметкерлердің бойына отансүйгіштік пен тарихқа құрмет сезімін сіңіруде селқостық танытпаймыз, — дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.
Иә, Жеңіс күні бейбітшіліктің қадірін, ерліктің мәнін және бірліктің күшін байыптайды. Бейбіт күннің бағасын түсінетін қызметкерлер де антына адалдық танытып, тұрақтылықты сақтауда тынымсыз еңбек етпек.
З.ҚОНЫСЖАН
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!