Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 11 маусымдағы жағдай бойынша 954 мың гектар немесе болжанған аумақтың 43%-ы өңделді.
Бұл туралы АШМ мәлім етті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі.
Егін алқаптарын қорғау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда, барлық қажетті шаралар уақтылы әрі толық көлемде қолға алынған.
– Жалпы алғанда, биыл 2,2 млн гектар жерді өңдеу жоспарланған, 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Бұл Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістердің нәтижесі. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, үдерістер орталықтандырылып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты, – делінген хабарлдамада.
Желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормалары қайта қаралып, көрсеткіш 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Бұл тартылған техниканың санын 556 бірлікке арттыруға мүмкіндік берді, яғни 2025 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп.
Сонымен қатар, фитосанитариялық қызметтің техникалық паркі жаңартылып, 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторинг жұмыстарына, 46-сы химиялық өңдеу жүргізуге арналған.
– Шегірткеге қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «FITOCENTRE» қосымшасы іске қосылды. ФАО-мен бірлесіп цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және ұшқышсыз аппараттарды қолдануға бағытталған серіктестік жоба жүзеге асырылмақ, – деп хабарлады ведомстводан.
Өңірлердегі жедел штабтар штаттық режимде жұмыс істеуде.
Шегірткеге қарсы қорғау іс-шараларын бақылау мақсатында АӨК саласындағы Мемлекеттік инспекция комитетінің (МИК) басшылығы қазіргі уақытта Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Абай облысында жүр.
Фото: АШМ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!