Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚР Оқу-ағарту министрі қазалылық батыр оқушыны марапаттады

29.04.2023, 14:25 245

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Қазалы ауданындағы «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет» атты бірлескен кеңес отырысына қатысып, кішкентай балаларды өрттен құтқарған оқушы Жансерік Әлімді және оның ата-анасы мен сынып жетекшісiн Алғыс хатпен марапаттады.

Ведомство басшысы өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызын атап өтіп, әртүрлі салада үздік нәтиже көрсеткен жастарға «Ел үміті» медалі табысталатынын жеткізді.
«Алдағы уақытта түрлі салада үздік нәтижеге қол жеткізіп, ел мақтанышына айналған жастарды «Ел үміті» медалімен марапаттаймыз. Оларды тәрбиелеген ата-анасы да «Мейірім» медалімен марапатталады, сынып жетекшілеріне де құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталмақ», – деді министр.

Еске салсақ, жуырда Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Жансерік Әлім өртенген үйден бесіктегі сәби мен 2 баланы аман алып шыққан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: