Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандағы мерекелердің жаңартылған тізімінде Тұңғыш президент күні сақталды

02.08.2023, 14:35 297

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді – үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізілді. Құжат Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды, деп жазады Nur.kz

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыға 27 шілде күні өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес, жаңартылған тізім келесідей:

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

Алғыс айту күні – 1 наурыз;

Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;

Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;

Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;

Абай күні – 10 тамыз;

Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз;

Білім күні – 1 қыркүйек;

Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек; Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;

Қарттар күні – 1 қазан;

Нан күні – 16 қазан;

Энергия үнемдеу күні – 11 қараша;

Ұлттық валюта – теңге күні – 15 қараша;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: