Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әнші Ободзинскийді «отырса опақ, тұрса сопақ» қылған болатын

05.02.2024, 9:10 309

HALYQLINE.KZ

Қазір жасы 63-ке келіп, зейнетке шыққан адамдар әнші Валерий Ободзинскийді жақсы біледі. Оның күміс дауысын халық жақсы көрсе, әріптес әншілер оның тасасында қалғасын, іштей жек көрді. Тек Мүсілім Магомаевтың дауысы ғана оның дауысына тең келетін. М.Магомаевтың артылықшылығы лирикалық әндермен қатар патриоттық әндерді де орындайтын, сондықатан ол «СССР халық артисі» атанып, биліктің бар марапаты мен қошеметін көріп дүниеден өтті. Ал Валерий Ободзинский болса, бірыңғай махаббат туралы әндер орындайтын, ән болғанда қандай әндер: «Эти глаза напротив», «Белые крылья», «Что то случилось», «Вечная весна», т.б. Валерийдің тек махаббат туралы әндерді ғана орындауы және оның сахнада өзін еркін ұстауы советтік қырағы цензурасына ұнаған жоқ. СССР Мәдениет министрлігііне қарасты «Россконцерт» бірлестік басшысы Валерийге: «Жолдас Ободзинский, сіздің репетуарыңызда Ленин, Партия, Комсомол туралы әндер неге жоқ?» деп сұрағанда, осы тақырыпқа ән шығаратын А.Пахмутова мен Н.Добронравовтың: «Не расутанусь с комсомолом, Буду вечно молодым!» деген әнін бұрмалап, «Я расстанусь с комсомолом, Не буду вечно молодым!» деп жауап қайтаруы бәрін шошытты. Оның тегі еврей емес пе екен деп, Ободзинский деген фамилиясына күдікпен қарады, бірақ кінә таға алмады, әкесі поляк, анасы украин еді. Әйтпесе, Лариса Мондрус, Аида Ведищева, Борис Сичкин (куплетші Буба Касторский), Михаил Шуфутинский сияқты шетелге қуғысы келді. Тегінен кінә таба алмағасын, ән сөздерінің мағынасын қазбалай бастады. Досы Онегин Гаджикасымовтың сөзіне жазылған «Восточная песня» сөзіндегі: «В каждой строчке только точки, После буквы «Л», Ты поймешь конечно все, Что я сказать хотел» деп әндетуі советтік қырағы цензорларды қорқытты: «бұл Ленин дегені ме? Әлде Леонид Брежнев дегені ме?» деп. Не деген көреалмаушылық, не деген топастық, «любовь» деген сөз екенін білсе де, білгісі келмеді, осылай көрер көзге тиісті.

Досы, ақын Гаджикасымов бірнеше тіл білгендіктен «Битлз» тобының, Джо Дассен, Карел Готт, Том Джонсон әндерінің сөзін Валерий үшін аударып берді, совет халқы осы тыйым салынған әндерді де Ободзинский арқылы естіді. Онегин Гаджикасимовтың сөздеріне жазылған әндері 1969 жылы «Мелодия» фабрикасынан пластинка болып шыққанда тиражы 13000000-ға жетті, үкімет таза 30 млн рубль пайда түсірді. Егер шетелде пластинкасы осындай тиражбен шықса, В.Ободзинский миллионер болар еді. Ал, Валерийге осы пластинкалары үшін 150 рубль төледі. Сол жылдары СССР мәдениет министрі Е.Фурцева осы пластинка шығатын «Мелодия» фирмасына жұмыс бабымен келгенде, қорап-қорап үйіліп тұрған пластикаларды көріп «қай әншінікі?» дейді. «Валерий Ободзинскийдікі» деген сөзді естіп: «Ол кім, халық артисі болса, білер едім ғой» дегенде: «дүкендерден сұраныс келгесін, шығарып жатырмыз, мынау соңғы екі миллионы ғой» дегенде шошып кетіп, «бізде Козловскийдің пластинкасының өзі миллион болып шықпайды» деп тоқтатып тастайды. Жолда кетіп бара жатқанда машинаның терезесінен Ободзинскийдің концерттік үлкен жарнамасын көріп, кабинетіне кірісімен «Москонцерт» басшысына телефон соғып: «Ободзинский концерті нешінші күн болайын деп жатыр» деген сұрағына: «Бүгін 28-ші күн тағы да аншлагпен болайын деп жатыр» дегенде министр шошып кетіп, сол күнгі концертін болдыртпай тастайды. Оның әр концерті үлкен аншлагпен өткендіктен, айына 10-15 мың сом тауып жүрді, сол кездегі өлшеммен бұл үш «Жигулидің» құны еді. Ободзинскийдің әндеріне сөз жазатын досы Онегин Гаджикасымовқа бұдан былай Ободзинский айтатын ән мәтінін жазбаймын деген қолхатқа дейін мәжүбірлеп алды. Онегин өмірден түңіліп, Библияны оқып, христиан дініне өтіп, шіркеуге кетеуге мәжбүр болды. (Кезінде бұл туралы жаздым).

Валерийдің жеке өміріне келсек, алғашқы әйелі Нелли Кучкильдиді концертіне келіп екінші қатарда отырғанын көріп, сол күнгі бар әнін соған арнап айтады. Жаңа танысқан қызын Қарағанды қаласындағы концертіне шақырады, сол жақтан үйленіп, дүниге Анджелика мен Валерия Ободзинская есімді қыздары дүниеге келеді. Томск, Кострама, Донецк облыстық филормониясы арқылы бүкіл Сібір қаласы мен Примор өлкесін аралап, белгілі әнші болып, Москвадағы О.Лундстрем эстарадалық оркестріне Алла Пугачева екеуі қабылданып, әншілік жолын жалғастырды. Москва қаласына тіркеуге қол жеткізіп, пәтер сатып алады. Шетелге шыққан сайын Неллиге 2-3 чемодан импорттық киім алып келгенмен, Валерийдің жолбикелермен кезекті романы туралы өсек те қоса келеді. Валерий де айлар бойы гострольде болғанда әйелсіз тұру мүмкін емес екенін, өзін ғана сүйетінін айтып түсіндірмекші де болды. Пәтерінің алды Ободзинскийдің талантына табынушы қыздарға толып тұратын, олар да күтіп алып шығарып салатын, осының барлығы ажырасуына алып келді. Сосын ізінен қалмай жүрген табынушы жас қыздардың бірі Светлана Силаевамен бірге тұрады. 1987 жылы Одесса қаласындағы жеке концертінде сахнаға мас болып шыққан Ободзинский микрофон алдына келгенмен бір әнді де айта алмастан шалқасынан құлайды. Бұл жағдайды талғамы жоғары Одесса халқы жоғары жаққа хабарлады, «Москонцерт» бірлестік бастығы мен көркемдік кеңес Валерийге ән айтуына мүлдем тыйым салады.

Басында үйі де жоқ, ол галстук шығаратын фабрикаға күзетші болып вогонда тұрады және қосымша қоймаға да күзетші болып, одан да 120 сом ақша алады. Арақ ішіп алып: «мен совет одағында 240 рубль алатын ең жалғыз күзетшімін» деп мақтанатын болды. Стакандастары бүкілодаққа танымал эстарда жұлдызы қастарында отырғанын білген жоқ, Валерий де шын аты-жөнін айтқан жоқ, араққа салынғандықтан беті мүлдем өзгеріп кеткен болатын. Анна Есенина ең алғаш рет мектепте оқып жүргенде, Ободзинсийдің пластинкасын сатып алған кезден бастап ғашық болған еді, сосын костюмері болды. Анна өзінің табынған әншісі бомждармен бірге арақ ішетінін естіп барып, өзімен алып келіп емдетіп, қайтадан ән айта алатынына сендіреді. 1994 жылы «Россия» концерт залында көп жылғы үзілістен соң болған алғашқы концертінде халық әр айтқан әндері үшін орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Сосын «Дни бегут» дискісі және «Карнавальная любовь», «Колдовские ночи» альбомдары шықты. 1997 жылы 24 қаңтарында 55 жылдығын атап өтеді.

Екінші өмірі басталғандай еді, алға үлкен концерттік жоспарлар құрған болатын, 1997 жылы 26 сәуірде кенеттен қайтыс болды. Жерлеу рәсіміне бірінші әйелі мен қыздары келген жоқ, кешегі әріптес әншілерден тек Иосиф Кобзон, Лев Лещенко және Альберт Асадуллин ғана келіп сөз сөйледі. Жаназасына келген 300 адамға дастарқан жайып, басына ескерткішті орнатуды Анна Есенинаның бір өзі атқарды. Ободзинский тірі кезінде азаматтық некеде болған Анна Есенинаға өзінің әндеріне авторлық құқықты заңдастырып кеткен болатын. Алайда бірінші әйелімен заңды түрде ажыраспағандықтан, Нелли Ободзинская сот арқылы жеңіп шықты. Адам қатарына қосқан және өзінің «Вот и свела нас судьба» атты әнін арнаған Анна далада аңырап қалды. Кезінде совет одағының №1 әншісі болған В.Ободзинскийдің өмірі туралы «Эти глаза напротив» атты сериал 2015 жылы шықты.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: