Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ізгіліктің көрінісі – қайырымдылық

23.01.2020, 14:17 3247

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Адам баласының осынау асыл қасиетін жүректеріне ұялатқан Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылындағы Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектепте жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі: оқушылар өз қолымен жасаған бұйымдары мен ас-тағамдарын сатуға шығарып, одан түскен қаржыны жетімдер үйіндегі науқас балалар қорына дәрі-дәрмек алуға жұмсамақ.

23 қаңтар күні өткен осынау қайырымды шараға мектеп оқушылары жұмыла атсалысып, белсенділіктерін арттырды. Мен де сынып жетекшім Нұркүл Бахытқызының жол көрсетуімен, аяулы анамның қол ұшын беруімен самса, бәліш сияқты тәттілер пісіріп, жәрмеңкеге шығардым. Кей кеңпейіл жандар заттарымызға қойған бағаларымыздан да артық ақша беріп, сатып алып жатты. Құдай олардың дендеріне қуат беріп, жүректерін ізгіліктен айырмасын!

Осы орайда, анам Ботакөз Рахманқызының пікірін мысалға келтірейін. «Мынадай игі шараны ұйымдастырып, бәрін тереңнен ойлап, жан-жақты қарастырғандары үшін мектеп ұжымына айтар алғысым шексіз. Баламның осы жәрмеңкеге құлшына дайындалғанына разы болдым. Тыным таппастан «жәрмеңкеге қандай өтімді нәрсе шығарсам екен» деп толғанды. Ақыры мақсатына жетіп жатқан секілді. Шығарған заттары өнімді өткен. Соған мәзбіз…»

Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау – қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді.

Иә, біздің мектепте өткен бұл жәрмеңке бізді тек қайырымдылыққа тәрбиелеп қойған жоқ. Сонымен қатар, ауызбіршілік пен достыққа үйретті. Ең бастысы, бәсекеге қабілеттілікке баулыды ғой деймін. Өйткені, сыртқа шығарып ашық айтпасақ та, іштей «қайрымдылық қорына бәрінен де көбірек қаржы аударсам ғой» деп тілеп тұрғанымыз жасырын емес…

Мансұр АСЫЛТАЕВ,

Сақтапберген Әлжіков атындағы

№144 мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы

Пікірлер:
  • Қазағымның кең жүрегі-ай!Қайырымдылық – игі іс. Оны бала жүрегімен түсінген Мансұрға өз басым риза болып отырмын. Осындай бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін шараларды өткізуге ат салысқан мектеп ұжымына да, ата-аналарға да алғысым шексіз!

  • Қайырымдылық жасау бұл үлкен сауап. Оқушыларға қайырымдылық, мейірімділік ұғымдарын үйреткен ұстазына мың алғыс. Қазақтың сауапты істерін жалғастырып жүрген жастардың талабы оң болсын, талабына нұр жаусын.

  • Өте керемет, жасалған дүние. Қайырымдылық қорын көбірек өткізу арқылы балалардың тәрбиесіне үлкен үлес қосуға болады. Осындай игі іс шаралар көп болсын.

  • Қандай керемет дүние. Осындай іс шаралар өте молынан болсын. Мансур, Сіздің қаламыңыз ұшталып, тек жоғары белестерден көріне беруіне тілектеспін. Алдағы уақытта тек алға. Қазақтың мен деген біртуар азаматы бол

  • Қайырымдылық жасау-ол ең үлкен сауапты іс. Балдарға осындай игі істі үйретіп, жетелеген мектеп ұжымына, ата-анасына алғысым шексіз.

  • Қандай керемет. Бұл іс-шараға арқылы баланың мейірімділікке ынтасының зор екенін көруге болады. Қазіргі қатыгез заманда осындай балаларымыз көп болсын

Алмат Өмірзақұлы үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: