Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

05.06.2026, 15:05 65

HALYQLINE.KZ

Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Қазақстанда экологтардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Осыған орай Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапарбаев қатысып, жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

– Баршаңызды 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Қазақстандағы Экологтардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – табиғатты қорғау ісіне жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне құрмет көрсететін ерекше мереке. Бүгінде ортақ еңбектің арқасында өңіріміздің экологиялық ахуалы жақсарып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениеті қалыптасуда. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!, — деген аудан әкімінің орынбасары экологияны жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Салтанытты іс-шара барысында ауданның Құрметті азаматы Ерғали Оразбеков сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: