Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Соңғы 30 жылдың ішіндегі ең жылы желтоқсан

25.01.2022, 9:20 373

HALYQLINE.KZ

2021 жылдың желтоқсаны республиканың барлық аумағында жылы болды, тіптен оңтүстік-батыста көктемгі қолайлы температура да байқалды. Бұндай күн райының себебі, жылы ауа массаларының Иран мен Орта Азия аймақтарынан жиі шығуы болды. Жер бетіндегі қабатта оңтүстік және солтүстік-батыс циклондармен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің бірнеше рет өтуімен, ауа райының тұрақсыз сипаты байқалды. Республиканың басым бөлігінде, көбінесе айдың екінші жартысында боран соғып, кейде қатты қар жауды. Мысалы, 22 желтоқсанда Құсмұрын метеостанциясында (Қостанай облысы) 23 мм (бір айдағы норма бойынша 19 мм), айдың соңында еліміздің батысында 22 мм-ге дейін жауын-шашын түсті. Ал елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр және дымқыл қар түрінде өтті. Қатты жауын-шашын бірінші онкүндіктің соңында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 18 мм-ге дейін, айдың ортасында Түркістан облысында 25 мм жауын-шашын түсті, сондай-ақ тұман мен көктайғақ құбылыстары байқалды. Айдың басында, күндізгі ауа температурасы батыс өңірлерде +6°С дейін, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде +12 +25,7°С дейін көтерілді. 2 желтоқсанда Шымкент (Түркістан облысы) метеостанциясында +25,7°С тіркелді. Бұл рекордтық көрсеткіш болды, себебі соңғы рет ауаның ең жоғары температурасы 1987 жылы 24 желтоқсанда (+25,4°С) байқалды. Сондай-ақ Маңғыстау облысында да рекордтық көрсеткіштер орын алды — 1 желтоқсан күні Аққұдық метеостанциясында ауа температурасы +22,6°С-қа дейін көтерілді. Айта кетсек, соңғы рет абсолюттік максимум 1981 жылы 16 желтоқсанда (+22,0°С) байқалған еді. Солтүстік және шығыс өңірлерде болса, күндіз ауа температурасы +2 +5°С-қа дейін, елдің оңтүстік-шығысында +13°С-қа дейін көтерілді. Алайда, бірінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде, негізінен республиканың солтүстік жартысында суық антициклонның басып кіруімен түнгі және күндізгі сағаттардағы ауа температурасы айтарлықтай төмендеді: түнде -22 -32°С дейін, күндіз -17 -25°С дейін.

Осылайша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6° жоғары, тек елдің шеткі шығысы мен оңтүстік-шығысында климаттық нормаға жақын болды.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-2,9 есе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығы мен шығысында және Атырау, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында нормадан 1,3-2,9 есе көп болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: