Синоптиктер 6-8 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізге тағы аптап ыстық келе жатыр, деп хабарлайды kazhydromet.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронталды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпал етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік өңірлерде жайлы ауа температурасы сақталады, күндіз аймақта 22-27°С жылы болады.
Ал батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр.
Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында ауа температурасы 34-39°С-қа дейін, ал оңтүстігінде 37-42°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!