Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан – ауа сапасы лас елдердің бірі

15.03.2021, 17:00 868

HALYQLINE.KZ Әлем бойынша ауаның ластану деңгейін дәл қазіргі уақыт режимінде көрсетіп тұратын https://waqi.info/ru/#/c/51.145/71.462/11.2z сайтының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан ауасы қатты ластанған елдердің қатарына жатады.

Еліміздің ауа сапасының индексі 12 наурыз күні – 170-ті көрсеткен. Бұның денсаулыққа тигізер зияны былай сипатталған: «Әрбір адам оның денсаулыққа кері әсерін сезінеді. Денсаулығында кінәраты барларға одан да қауіпті болуы мүмкін».

Ал дәл қазіргі уақытта ауа сапасының индексі елордамыздың жекеменшік секторларында 88-ді, оң жағалауда 67-ні, сол жағалауда – 25-ті көрсетіп тұр.

Индекс 0-50 аралығы – «жақсы», 51-100 аралығы – «қалыпты» дегенді білдіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: