Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мыңдаған қазақ ауылы кұл-қоқыс полигонына айналып кетті

27.05.2020, 11:35 352 0

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар

министрі  М.М.Мырзағалиевке, 

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігері А.С.Есмағамбетоваға!

HALYQLINE.KZ  ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің жанынан құрылған ақпараттық ағартушылық үгіт-насихат штабының «Ауылдардың санитарлық ахуалы адам төзгісіз нашар жағдайда» атты

ДАБЫЛ ҚАҒУ МӘЛІМДЕМЕСІ

Құрметті Мағзұм Маратұлы!

Құрметті Айжан Серікбайқызы!

Ауыл – қазақтың жаны! Ауыл – қазақ жерінің қорғаушысы, сақтаушысы және қорғаны! Ауылымыз – ұлтымыздың алтын бесігі! Ауыл қуанса, бәріміз қуанамыз! Бұл бағытта мемлекет ауылды көтеретін жаңа жобалар мен маңызды бағадарламаларды жүзеге асыруда.

Бүгінгі күні елімізде 6612 ауыл бар. Бізді, қоғам өкілдерін алаңдатып отырғаны – сол ауылдардың адам төзгісіз санитарлық жай-күйі болып тұр. Ашығын айтсақ мыңдаған қазақ ауылы кұл-қоқыс полигонына айналып кеткен. Онда не жоқ, қоқыстың бәрі бар. Қыс бойы ауыл тұрғындары тұрмыстық қалдықтардан бастап малдың боғына дейін сонда төгеді.

Ең қауіптісі, ол күл-қоқыс полигондарында малдың, ит-мысықтың өлекселері үйіліп жатыр. Сол өлекселерді талап жеп жүрген – ит-құстар. Олар жұқпалы ауру таратады. Қазір көп ауылды қара шыбын басқан. Қалыптасқан бұл сұмдықты қадағалап жатқан бір жанды көрмедік. Шұғыл шара қолданбасақ, елге жұқпалы аурулар тарап кету қаупі анық бар.

Біздің ұсыныс: Барлық 6612 ауылдың санитарлық жағдайына тексеру жүргізіп, тиісті шараларды жүзеге асыру қажет. Арнайы Қаулы қабылдау керек.

Ауыл таза болса, ел таза болады.

Құрметпен Сәдібек ТҮГЕЛ,

Нұр-Сұлтан қаласы «Антикор» орталығының жанынан құрылған

ақпараттық-ағарту, үгіт-насихат штабының басшысы,

«Ұлы Дала Қырандары» халықтық қозғалысының тең төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: