Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ластанудың 80 пайызы мұнай мен металлургияға тиесілі

25.12.2020, 11:50 518

HALYQLINE.KZ ҚР жаңа Экологиялық кодексі Еуропалық одақ елдерінің тәжірибесі бойынша ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) көрсеткіштерін пайдалану арқылы кәсіпорындарды өндірісті жаңғыртуға ынталандыруды көздейді. Мәселен, ЕО елдерінде ОҚТ көшудің арқасында ластаушы заттардың шығарындылары айтарлықтай төмендеді: күкірт диоксиді бойынша 94%-ға, азот тотығы бойынша 69%-ға, қатты бөлшектер бойынша 94%-ға азайды.

Экологиялық реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру аясында ОҚТ бойынша анықтамалықтар әзірленуде. Биыл Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Энергия тиімділігі бойынша анықтамалық жасау жұмысын бастады. 2021-2023 жылдары «Мұнай мен газды қайта өңдеу», «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу», «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі», «Цемент және әк өндірісі», «Мұнай мен газ өндіру», «Қара металдар өндірісі», «Түсті металдар өндірісі», «Бағалы металдар өндірісі» анықтамалықтары әзірленеді.

ОҚТ бойынша анықтамалар мен тиісті тұжырымдар ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 2023-2025 жылдары кешенді экологиялық рұқсат беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылға қарай ластанудың 80%-ы тиесілі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларының 50 ірі кәсіпорнының ең озық қолжетімді технологияларына көшу үшін жағдай жасалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: