Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кең көлемді тазалық акциясы өтті

20.04.2026, 9:15 64

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Жалағаш ауданында да «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты кең көлемді тазалық акциясы өтті, деп жазады баспасөз қызметі.

Акция барысында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен қорымдар аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет қорғауына алынған киелі орын Беркінбай кәлпе қорымы аумағында өткен тазалық іс-шарасына аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, игі бастаманың маңыздылығына тоқталды.

«Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында, сондай-ақ облыс әкімінің елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін киелі орындар мен тарихи ескерткіштер аумағында кең көлемде тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді, киелі орындар мен қорымдарды таза ұстап, өскелең ұрпаққа үлгі болар осындай игі іске атсалысып жатқан баршаңызға алғысымды білдіремін», — деді А.Ибраимов.

Іс-шараға ардагерлер, мекеме ұжымдары, кент және ауыл тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар белсенді қатысты.

Алдымен бабалар рухына Құран бағышталып, қорым аумағын тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан әкімі көпшілікпен бірге Беркінбай кәлпе үйтамы ауласына тал көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты.

Айта кетейік, аудан бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген 62 тарихи ескерткіш бар. Оның ішінде 1-еуі республикалық, 55-і жергілікті маңызы бар, ал 6 нысан ерекше маңызды тарихи орындар санатына жатады.

Бүгінгі акция аясында кент және ауыл тұрғындары осы тарихи орындар мен қорымдарда тазалық жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: