Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экологиялық рұқсат алу қалай жүргізіледі?

03.06.2020, 13:10 581 0

HALYQLINE.KZ Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау мақсатында тиісті мекемелер өз жұмыстарын белгіленген  құзірет шеңберінде атқарып келеді. Халықтың күнделікті тұрмысқа, құрылысқа қажетті заттар мен құжаттарға да рұқсат алу керектігін көпшілік біле бермейді. Осы ретте Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтқанды жөн көрдік. Аталмыш департаментпен мемлекеттік қызметтің екі түрі ұсынылады:

 – I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;

 – I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.

Қызметтердің стандарттары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №301 бұйрығымен бекітілген.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бойынша Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен 2020 жылдың 5 айында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бойынша қаралған 44 өтінімнің 41-іне немесе 93,2%-ына рұқсат берілді. ҚР Экологиялық Кодексінің 77-бабына сәйкес, рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және дәйексіз болуына байланысты 3 (6,8%) өтінім кері қайтарылған.

Қабылданған өтінімдерді қараудың орташа мерзімі 6 (нормативтік мерзім – 15 жұмыс күн), өтінімнің толықтығы тұрғысынан қараудың орташа мерзімі 3 күнді құраған (нормативтік мерзім – 5 жұмыс күн).

Айта кетейік, I санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру мемлекеттік қызмет 100% «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінің бағдарламасы арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша департаментпен жыл басынан бері мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен 156 жобалық құжаттамалар қаралған. Оның 96-сына (61,5%) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң, 44-іне (28,2%) теріс қорытындысы берілген. Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауына байланысты алдын ала сараптама сатысында кері қайтарылған құжат саны 9 болса, 7-еуі өз өтінімдерімен кері қайтарған. Алдын-ала сараптама жүргізудің орташа мерзімі 3 жұмыс күнді құраса (нормативтік мерзімі – 5 жұмыс күн), ескертулерді жіберу 20 жұмыс күнді (нормативтік мерзімі – 25 жұмыс күні), ал сараптама жүргізудің орташа мерзімі 23 күнді құраған (нормативтік мерзімі 45 жұмыс күн).

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қаралған құжаттамалардың басым бөлігі мұнай өндіру ісіне қатысты жобалық құжаттамаларды қамтыған (оның ішінде: объектілер құрылысы, барлау және басқада жобалық құжаттамалар.).

I санаттағы объектілерге «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі 100% электронды түрде жүргізіледі. Атап айтқанда «Е-Лицензиялау мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі» және «Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі» бағдарламалары арқылы көрсетіледі. Департаменттің жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесі құрылған. Сарапшылық кеңеске мүше ретінде қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, практик мамандар мен жұртшылықтың өкілдері енгізілген.

Есепті кезеңде департаментпен ірі табиғат пайдаланушыларының және экологиялық қауіптілігі жоғары объектілер жобалары бойынша 1 отырыс өткізілді. Нәтижесінде аймақтық кірпіш өндеумен айналысатын «Кирпичный завод» пен «Даулет» жеке кәсіпкерлерінің 2 жобалық құжаттамасы сарапшылық кеңесімен қаралды. Жобаға қатысты ұсыныс-пікірлер тыңдалып, мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижиесімен ескерілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет алушылардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, семинарлар мен жиналыстар өткізіліп отырады. Атап айтсақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жыл басында жобалаушы мекеме өкілдерінің, кәсіпорын экологтарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Департаменттің экологиялық реттеу бөлімінің басшысымен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бөлім мамандарының қатысуымен семинар өтті. Экологиялық реттеу бөлімінің мамандары үнемі көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желіге жариялап келеді.

Жанар Болатова,

Қызылорда облыстық Экология департаментінің

экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: