Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бұл тек ауылшаруашылығы министрлігінің сұрағы емес»

12.02.2021, 16:10 684

HALYQLINE.KZ Бүгін «Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасын толық әрі сапалы іске асыру жөніндегі барлық қажетті шаралары туралы кеңейтілген отырыс өтті.

Қазақстан Республикасы Парламентінің МәжілісіМәжіліс депутаты депутат  Қайнар Абасов Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 600 мың га жаңа суармалы жерді игеріп, оның жалпы алаңын 2,2 млн га-ға дейін жеткізу міндеті тұрғанын айтты.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілері көтерген негізгі проблема – суаратын сумен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеу және ирригациялық жүйелердің нашар жағдайда болуы. Өйткені суармалы жерлерді толыққанды суаратын сумен қамтамасыз ету жоғары сапалы өнім алудың, ал оңтүстікте жылына екі ретке дейін өнім алудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатынын жеткізіп, бұл жобаны қандай қаражат немесе қолданыстағы қандай бағдарламалар есебінен іске асыруды жоспарлап отырғаны туралы сұрады.

Осыған орай, Мәжіліс төрағасы:

– Әрине, 600 мың гектар жаңа жерді игеру ол оңай шаруа емес. Бағдарламада жазылғаннан кейін, оған жеткізуіміз керек. Меніңше, бұл тек ғана ауылшаруашылығы министрлігінің сұрағы емес. Бұған Экология министрлігі де өз үлесін қосу керек, – деді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: