Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралға дейінгі аралықта мұз сіресіп тұр

17.02.2021, 12:10 418

Halyqline.kz Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі өтіп жатыр. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылды. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.

Есепті кездесудің соңында халықтан түскен сұраққа жауап беру жүруде. Сондай-ақ, дариядан төнер қауіп туралы да айтылды.

 – Өткен жылдың желтоқсанынан бастап дарияға 500 текше метр су келіп жатыр. Түркістан мен Аралға дейінгі аралықта мұз әлі де сіресіп тұр. Сондықтан қауіпсіз емес, қауіпті. Дайын отыру керек. Барлық материалдық қор жасақталды. Күнделікті бақылауда, – деді облыс әкімі Г.Наушақызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: