Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ аудандарына қоқыс полигонын салу керек

17.07.2020, 12:20 446 0

HALYQLINE.KZ Экологиялық аймақ саналатын Қызылорда облысында да қоқыс сұрыптайтын кешеннің қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу мәселесі қаузалып келе жатқанына бірнеше жыл уақыт болды. Аймақтағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, «Техоснастк­а-Ремсервис» ЖШС және «Қызылорда­ тазалығы» мекемесі мен әкімдік үшжақты әріптестік аясында қала маңындағы Белкөл кентінен жаңа қоқыс полигоны жобасын жүргізуді қолға алған. 1 млрд 300 млн теңгені құрайтын, 2019 жылдың қарашасына дейін аяқталады деген құрылыс қашан пайдалануға беріледі? Мәселенің анық-қанығын білмекке облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарластық.

 – Белкөл кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды (қоқыс) тастайтын ескі полигонда­ғы  қоқыстарды  сұрыптаумен 2004 жылдан бастап «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС айналысып келді. Ал, 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап аталған тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны «Қызылорда-Тазалығы» ЖШС-ға табысталды. Сонымен бірге Қызылорд­а қаласында қоқыс сұрыптау кешенін­ің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және сыртқы инженерлік желілерді жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 20 га. Қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыптау қуаттылығы – 60 мың тонна. Жоба мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында іске асырылуда. Жаңа полигонды 2020 жылдың ІІ тоқсанында іске қосу жоспарлануда, – деген жауап келді аталмыш басқармадан.

Айта кетейік, аймақ бойынша заңдастырылға­н қоқыс алаңын Қазалы ауданында­ «Қазалы-Көркем-Сервис» ЖШС, Шиелі кентінде әкімдікке қарасты «Сазқұм» кооперативі, Жосалы кенті мен Ақай ауылдық округінде әкімдік аппаратына қарасты мекемеле­р игеріп отыр.

 – Аймақтағы өндіріс кәсіпорындары мен заңды және жеке тұлғалардан, яғни табиғат пайдаланушылардан  қоршаған  ортаға  236 325 913 теңге шығын келсе, салынған айыппұл көлемі 109477432 теңгені құрады. Облыс көлемінде жылына шамамен  148-150 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Оны қайта кәдеге жарату немесе игеру әзірге 14 пайызды құрап отыр. Жалпы облыс бойынша санитарлық тазалық, көркейту­-көгалдандыру мен абаттандыруға 2020 жылға 544 млн теңге бөлінді, – дейді Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Т.Аптикаликов.

Халық денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында қатты тұрмыстық қал­дықтарды игеретін полигон аймаққа қарасты Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына да салынуы керек. Әйтпесе, тұрғындар мен өндіріс компанияларын­ың кесірінен табиғатқа залал келуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: