Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрі-дәрмектің тапшылығына кім кінәлі?

06.08.2020, 10:35 687

«Halyqline.kz» сайты ұжымы аймақтағы ахуалды ескере отырып, кезекті сауалнама сұрағын денсаул­ық саласына байланысты дайындаған болатын. Осы жолы сайт оқырмандарына «Дәрі-дәрмектің тапшылығына кім кінәлі?» деп сауал жолдап көрдік. Және жауап нұсқаларына ел арасында­, ел көкейінд­е жүрген бірнеше ойды орналастырдық. Сонымен, сұрақ.

Дәрі-дәрмектің тапшылығына кім кінәлі?

Жауап – мынадай.

1. Халық (шамадан тыс дәрі сатып алды);

2. СҚ-Фармация (бар дәріні қоймада сақтады);

3. Билік (жағдайды алдын ала бақыламады);

4. Өз жауабым;

5. Барлығының кінәсі бар;

6. Жемқорлық.

Айтқандай, пікір қайшылығы туындауы мүмкін. Мына нұсқаны таңдағың келеді, бірақ ана бір жауап та дұрыс секілді. Мұндай жайт кез келген оқырманның басынан өтуі ықтимал. Еш алаң­дамаңыз­. Осыны ескеріп, сайттың мүмкіндігін қарастырып біз оқырманға бірнеше нұсқаны таңдауға мүмкіндік  бердік.

Осы орайда айта кету керек, дәрі тапшылығы туындағанда қараша халықты­ң  бір-біріне  өзінен ауыс­қан дәріні тегін бергенін де көрдік, тегін бергісі келетінін де оқыдық. Ал, белгілі бір кәсіпкерлердің дәрі бағасын шарықтатып жібергенін ел-жұрт жарыса айтты. Қажеттілік болға­нда бағаның өсетіні де қалыпты жағдай емес пе? Иә, әр дәрінің о баста бекітілген шектік бағасы болады.­ Мұны бірі білсе, екіншісі хабарсыз болуы мүмкін. Бірақ, пандемия­ халықтың құқықтық сауат­тылығын арттыруға кішкене болса да ықпал жасады. Алғашында бетперде тапшылығы байқалды. Халық не істеді? Мұны келесі жаңажол­да айтамыз. Әзірге жауап нұсқаларының қанша пайыз дауыс жинағанына  тоқталайық.

Сауалнамадағы «Өз жауабым» нұсқасы 3% дауыс жинап, соңғы орынға жайғасты. Бұл бейтарап оқырмандардың барын көрсетсе керек­-ті. Ал, дәрі-дәрмектің тапшылығына «жемқорлық кінәлі» деп санай­тындардың қатары 10%-ды құрап отыр. Мұның жүрмейтін жері жоқ екенін, оны әр қазақстандықтың жатқа­ білетінін аңғаруға болатындай. Шынын айту керек, біздің түсі­нігімізде жалпылама кінәлай салу деген нәрсе бар. Біздің сол «вариантымыз», яғни «барлығының кінәсі бар» (16%) дегеніміз ортаңғы орынға жайғасты. Айтпақшы, дәріханаларда ұзын-сонар кезектің болуын, керек­ десең дәрінің таусылып қалуын­а «халықтың өзі кінәлі» деп ойлайтындар 18% болды. Келіс­песке амал жоқ. Қызылорданың өзінде 1 айға жететін дәрі-дәрмектің қоры небәрі 1 аптада сатылып кеткен. Бұл – ресми мәлімет. Әрине, түбегейлі  халықты жаманатты етуге  болмас. Өйткені, сол кезеңдерде ауырған адамдардың саны өте көп болғаны жасырын ақпарат емес. Сауал­намаға  қатысқандардың  20%-ы «бар дәріні қоймада сақтады» деген айыппен «СҚ-Фармацияны» кінәлі деп тауыпты. Бұл да дұрыс шығар. Президент пәрменінен соң аталған мекеменің басшысы ауыс­қаны ел есінен кете қойған жоқ. Айна­лып келгенде, осының барлығына  кінәлі – билік. Сауалнаманың қорытындысы соны меңзейді, соны айтады. Өйткені, 33%-ы осы нұсқаны  таңдаған.

Уәдемізді орындалық. Дәріханаларда бетперде бағасы қымбатта­ғанда, тапшылығы байқалғанда әркім өз халінше қам-қарекет жасады. Жеке тұлғалар да, кәсіпкерлер де, мемлекеттік мекемелер де көшеде «масканы» тегін таратып жатты. «Волонтерлар жылында» нағыз ерікті жұмыс болды деуге болатын шығар. Айтпағымыз бұл емес. Өйтіп-бүйтіп бұл қиындықты да еңсергендей болдық. (Бетперде жетіс­пеушілігін айтамын). Осы жайтт­ан  биліктің сабақ алуы тиіс еді. Және қазіргі жағдайды да еске­ріп, онымен санасып, алдын ала бақыл­ап, әрекет етуі керек.

«Халықтың сауалнамасы» – халық­тың ойы, пікірі, көзқарасы. Бұған ешкімнің талас-тартысы жоқ. Жариялық пен ашықтық азаматтық қоғамды орнату жолында ауадай қажет. «Halyqline.kz» сайты алдағы уақытта да ел ішіндегі өзекті жаңалықтарға, жайттарға байланысты сауалнаманы тұрақты түрде ұйым­дастыруды  мақсат етір отыр. Барлық  оқырмандарды  белсенді болу­ға, әділетті  болуға  шақырамыз!

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: